Шаһар басшысы қаладағы бизнес саласының өкілдерімен кездесті

Қала әкімі Б. Сағынтаев қала экономикасының түрлі секторларының өкілдерімен тұрақтылықты сақтау және дағдарысқа қарсы шаралар пакетін әзірлеу мәселелерін талқылады. Жалпы бір күннің ішінде мегаполис басшысы көлік және логистика, банк секторы, сауда кәсіпорындары, өнеркәсіппен өндірістік компаниялар өкілдерімен бірге төрт бірдей кеңес өткізді.
Алқалы басқосуларды ДДҰ пандемия деп жариялаған коронавирус инфекциясының тарауына жол бермеу мақсатында компаниялар қызметкерлері мен клиенттердің қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету мәселелері айтылды.
Бұдан өзге коронавирус инфекциясы тіркелген елдермен әуеқатынастың шектелуі және жүк тасымалының төмендеуі жағдайында кәсіпорындар мен компания қызметтерінің перспективалары талқыланды. Әлемдік нарықтағы күрделі жағдай бізге де кері әсерін тигізуде.
– Біз істің нақтылы жағдайын анықтау және қала экономикасының түрлі секторларында жағдайдың даму мүмкіндіктерін болжау үшін кездесіп отырмыз, – деп атап өтті қала әкімі Б. Сағынтаев.
Кездесуде сауда айналымын сақтау, жұмыспен қамту, бизнес пен отандық тауар өндірушілерді ынталандыру және оларға қолдау көрсету мәселелері де пысықталды. Бұдан өзге супермаркеттер мен базарларда өнімдерге бағаны асырып қоюға жол бермеудің барынша маңызды екені атап өтілді.
«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *