Сексендегі Сері

Алаштың ақсақалы

%d0%be%d0%b1%d0%bb1

Қалалықтар қаперіне!

Асанәлі Әшімұлының 80 жасқа толуына арналған салтанатты кеш (12 мамыр, сағат 17.00) Қазақ Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында өтеді.

 

Жүрсін ЕРМАН

Асеке, қаhарман да, ер де өзіңсің,

Жазығың – аспанда емес, жерде

 жүрсің.

Халықтың мәртебесін өсіруге

Қазаққа құдай өзі берген ұлсың.

 

Бар шығар, мүдірісің, кідірісің,

Сен бірақ, ұлы өнердің

 қыдырысың.

Іздейсің, жан-жағыңды

 қарманасың,

Көрінбей Әнуарың, Ыдырысың.

 

Жетпісте жерге түссе балаң

 ыршып,

Қолыңда үйріледі қалам-ұршық.

Киелі қара шалдар шаңыраққа

Қалдырып кеткен сенсің

 қарауылшық.

 

Жүйткітіп жылдар алға барады

 алып,

Сырыңды қайдан ұқсын қара

 халық.

Махаббат майданының

 жауынгері

Оралып келе жатқан жараланып.

 

Арулар әлі  саған гүлді ұсынар,

Жіпсісең, жеңгеміздің сүлгісін ал.

Тоқсанда өнер ашқан тобықтай

 шал

Әбдіжәміл ағаңның үлгісі бар.

 

Таланттар қартаймайды.

Рас екен.

Осыны дәлелдеумен жүр, Асекең.

Сен жүзден асқан кезде – келер

 ұрпақ:

«А.  мырза, сен кімсің?» деп сұраса

 екен!

 

Мәшһүр атың болашаққа самғаған

Арман қуған бала кез, жастық жайлау,

Қараша үйдің күлше нанын аңсаған.

Мақсат пен махаббаты өмір-бастау,

Сағындырып, сағымдай бұлдыраған.

Шақырған киелі өнер мұнарындай,

Адами қасиеттің шырағындай.

Пешенеңе әу бастан жазылған-ау,

Шарықтадың әуелеген қырандай.

Алаштың өнердегі алыбындай,

Сара жолың өмірдің ағымындай.

Сомдадың кейіпкердің жауһарларын,

Тарих үшін мәңгілік тағылымдай.

Дарыныңды риясыз тер төгумен,

Дараландың, үндестіріп еңбегіңмен.

Жүрегінде әр қазақтың махаббаты,

Лаулаған сенің ерен жұлдызыңмен.

Қайран, Шәкен, «жиырма бес»-

пен тебіренген,

Нұрғисаның «жекпе-жегі» кернеген.

Киелі бабалардан аманаттай,

«Адал бол азамат» — деп аян берген.

Патриоттық рухтың қазығындай,

Өнеге алар ұрпақтың азығындай.

Қасымхан, Бекежандар атойлап тұр,

Ұлттық сана ғибратын құнттағандай.

Тағдырдың қиырымен мехнатында,

Нар көтерер жүк болды бір басыңда…

Парасаттық өнегесін таныттың,

Тектілігің болған соң асылыңда.

Заманауи үдеріспен қалықтай бер,

Ықыласын халқымыздың ақтай бер.

Таланттыны баулыған ер Асеке,

Еліңмен егеменді асқақтай бер.

Дарынға бай перзенті мол Ұлы дала,

Жасай берсін, ұлы қазақ, ортамызда.

Мәшһүр атың болашаққа самғаған,

Мерейтойың құтты болсын, Асағам!!!

 

Құрманбек Байқуатұлы,

Т.Жүргенов атындағы Қазақ  ұлттық өнер академиясының профессоры,

ҚР мәдениет қайраткері.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Сексендегi серi

(Тұрсынбек Кәкiшұлына)

Әдебиет-ғылымда атышулы,

Осы бiздiң Тұрсынбек Кәкiшұлы.

Шежiресiн шерткенде таңға дейiн,

Шендестiрген –

Шығыс пен Батысыңды. (далее…)

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *