Саясат жүргізе алатын елдердің экономикасы бәсекеге төтеп бере алады

Еліміздің «көштен» қалмауында, қарыштап дамуында түрлі бағдарламалардың дайындалатыны рас. Соның бірі – дүниежүзілік экономикалық форумның жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі. Дүниежүзілік экономикалық форум ұлттық бәсекеге қабілеттілікті елдің және оның институттарының орта мерзімдегі болашақта экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын қамтамасыз ету қабілетін бағалайды. Зерттеу авторлары ұлттық бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері жоғары елдер өз азаматтарының әл-ауқатын жақсартудың жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады деп есептейді. Бұл индекс экономикалық даму мен бәсекеге қабілеттілік жолындағы кедергілерді жоюға талпынған мемлекеттер мен олардың экономикалық саясатындағы өзекті мәселелерді сұрыптау үшін құрал ретінде пайдаланады деп күтілген. Дүниежүзілік экономикалық форумның қорытындысына сәйкес, олардың арасындағы өзара байланыспен факторларды есепке ала отырып, барлық тарапты қамтитын саясат жүргізе алатын елдердің экономикасы бәсекеге төтеп бере алады.
Әділет министрлігі ДЭФ ЖБҚИ-нің 7 индикаторының орындаушысы болып табылады. Сонымен қатар, ҚР Әділет министрлігі басқа органдармен бірге үш индикатордың қосымша орындаушысы болып табылады. Оның бастысы – мемлекеттік органдардың шешімдерінің ашықтығы.
Бұл орайда, халыққа қызмет етуші — мемлекеттік органдар. Мемлекеттік органдардың халықпен етене жұмыс жасауын реттейтін құрал — заңнама. Осы ретте, өзіміздің атқарып отырған қызметімізде пайдаланатын заңнамаларға кейбір өзгерістер енгізілсе деген тілек бар. Бұл дегеніңіз — жеке кәсіпкершілікпен айналысушы жеке және заңды тұлғалардың үздіксіз қызмет етуіне ықпал жасау. Осы орайда, бір ғана мысал – күнделікті жұмыста пайдалынып жүрген ҚР «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушылыарының мәртебесі туралы» Заңының 36 — бабына келер болсақ, уәкілетті орган атқарушылық құжаттар бойынша төлем жасамаушылар туралы мәліметтер тарату мақсатында атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкерлердің республикалық тізілімін жүргізеді.Тізілім уәкілетті органның ресми интернет-ресурсында орналастырылады. Осы атқарушылық іс жүргізу тоқтатылғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде сот орындаушысы уәкілетті органға борышкерлерді тізілімнен алып тастауға негіз болып табылатын тиісті ақпарат жібереді. Бұл жерде заңның талабында күнтізбелік бес күн ішінде тізілімнен алып тастау көзделген. Осы мерзімді 5 күннен 3 күнге азайтып, тағы бір баса назар аударатын мәселелер — борышкер өз қарызын өтегеннен кейін, атқарушылық іс жүргізу тоқталғаннан кейін сот орындаушыларымен қойылған борышкердің мүлкін тыйымнан босату, борышкердің Қазақстан Республикасынан шығуын уақытша шектеуді алып тастау мерзімдерін азайту мәселесі қарастырылса, өз кәсіптерін дөңгелентіп отырған тұлғаларға жасалған қолдау болып табылары сөзсіз.
Және де, «Өндіріп алушының өтініші бойынша атқарушылық құжаттың негізіндегі атқарушылық іс жүргізуді қозғау» туралы мемлекеттік көрсетілетін қызметі бекітілген стандартқа сәйкес Әділет Департаменттерімен көрсетіледі, мемлекеттік қызмет-қызмет берушінің құрылымдылық бөлімшелерінде және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіледі, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі мемлекеттік сот орындаушысының іс жүргізуді қозғау туралы немесе атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тарту туралы қаулысы.

Нұршат Бекежанқызы,
Алматы қаласы Әділет департаменті
«Алатау аудандық аумақтық бөлімі»
филиалының бөлім басшысы, аға сот
орындаушысы.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *