САЛЫҚ ТӨЛЕУШІНІҢ МҮЛІККЕ БИЛІК ЕТУІ ҚАЙ КЕЗДЕ ШЕКТЕЛЕДІ?

Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруа­шылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлға­лардың мемлекет пен екі арадағы мемле­кеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономи­калық санат. Біз бүгін Салық кодексіндегі салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеу туралы 120-бабы туралы аз-кем айтамыз.

Салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) мүлікке билік етуін шектеуді осы баптың 4-тармағында көрсетілген шешімнің негізінде: салықтық берешекті өтеу туралы хабарлама алынған күннен бастап он бес жұмыс күні өткен соң салықтық берешек өтелмеген жағдайда;

мониторингке жататын ірі салық төлеушіні қоспағанда, салық төлеуші (салық агенті) есепке жазылған салықтар және бюджетке төленетін төлемдер мен өсімпұл сомасы туралы, сондай-ақ, бюджеттен қайтарылған және қайтаруға расталмаған қосыл­ған құн салығының асып кету сомасы туралы мәліметтер қамтылған тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым жасаған жағдайда жүргізеді.

Билік етуді шектеуге тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектілері; электр, жылу және өзге де энергия түрлері; сақтау және жарамдылық мерзімі бір жылдан аспайтын тамақ өнімдері немесе шикізат жатпайды.

Салық төлеушінің қаржы лизин­гіне берілген (алынған) не кепілге берілген, билік ету шектелген мүлкін салық органының лизинг және (немесе) кепіл шартының қолданысы тоқтатылғанға дейін алып қоюына тыйым салынады.

Салық органы мүлікке билік етуді шектеген күннен бастап және оның күшін жойғанға дейін салық төлеу­шінің шарт талаптарын (шарттың қолданылу мерзімін ұзарту, қосалқы лизинг және (немесе) қайта кепілге қою) өзгертуіне тыйым салынады.

Салық төлеушінің мүлікке билік етуін шектеу туралы шешім уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша жаса­лады. Аталмыш шешім салық төлеушінің жеке өзіне қолын қойғы­зып немесе жөнелту және алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен табыс етілуі тиіс.

Салық органы мүлікке билік етуді шектеу туралы шешімді салық төлеу­шіге табыс еткен күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей мұндай шешімнің көшірмесін уәкілетті мемле­кеттік органдарға оған құқық немесе ол бойынша мәмілелер мемле­кеттік тіркеуге жататын мүлікке не мемлекеттік тіркеуге жататын мүлікке құқықтық ауыртпалықтарды тіркеу үшін жібереді.

Салық төлеушінің (салық агенті­нің) мүлкіне билік етуді шектеу туралы шешім салық төлеушіге (салық аген­тіне) табыс етілген күннен бастап он жұмыс күні өткен соң салық органы уә­кілетті орган белгілеген нысан бойынша мүлік тізімдемесінің актісін жасау арқылы салық төлеушінің (салық агентінің) қатысуымен билік ету шектелген мүлікке тізімдеме жүргізеді.

Салық төлеушіде (салық агентінде) меншік құқығында оған құқық неме­се ол бойынша мәмілелер мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік не мемлекеттік тіркеуге жатқан мүлік болған кезде тізімдеме, бірінші кезекте, осындай мүлікке жүргізіледі.

Салық төлеуші билік ету шектел­ген мүлік тізімдемесінің актісін жасау кезінде салық органының лауазымды адамдарына танысу үшін мұндай мү­лікке меншік және (немесе) оны шаруа­шылық жүргізу құқығын рас­тайтын құжаттардың, баланстың түп­нұсқаларын немесе нотариат куәлан­дырған көшірмелерін ұсынуға мін­детті. Осы тармақта көрсетілген құжаттардың көшірмелері билік ету шектелген мүлік тізімдеменің актісіне қоса беріледі.

Салық төлеуші (салық агенті) билік ету шектелген мүліктің, табиғи тозу және (немесе) қалыпты жағдай­ларда сақтау кезінде табиғи кему салдарынан болған өзгерістерін қоспағанда, Қазақстан Республи­касының заңнамасына сәйкес шектеу алынғанға дейін өзгермеген қалпында сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Бұл ретте салық төлеуші (салық агенті) көрсетілген мүлікке қатысты заңсыз әрекеттері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

 

Бауыржан ДОСБОЛОВ,

Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша  мемлекеттік кірістер басқармасының мәжбүрлеп өндіріп алу бөлімінің бас маманы.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *