САЛАУАТТЫ АУДАНДАҒЫ САЙЫСТАР

kikbosing

Алматының «әуе, темір жол қақпалары» саналатын, өндірістік, «аға» ауданы – Түрксіб ауданы. Мегаполистің дамуына арналған «Алматы-2020» бағдарламасын жүзеге асыруда Түрксіб ауданының үлесі қомақты. Аудан салауатты өмір салтын қалыптастырып, бұқаралық спортты дамытуға арналған «Спорттық Алматы» бағдарламасына да атсалысып отыр. Түрксіб ауданы бүгінде республикалық, қалалық түрлі додаларды өткізіп, салауатты ауданға айналған.

Нұрлан СҮЙІН

 

Регби – «Атланттар ойыны»

 

Аудандағы «Алаш» стадионында регбиден ҚР Жастар чемпионаты өтті. «Атланттар ойыны» аталатын регби спорты Қазақстанда қарқынды дамып отыр деуге келмесе де, білекті де жүректілердің доп ойыны республи­калық деңгейде қолға алынған. Регби­ден жастар арасындағы Қазақстан чемпионатын ұйымдастырған Түрксіб ауданы әкімінің аппараты, «Қазақстан регби федерациясының» аудандық бөлімшесі. Ұйымдастырушылар ҚР чемпионатын өткізу мақсатын былай айқындапты:

ҚР Президентінің халыққа Жол­дауларын жүзеге асыру;

«Универсиада-2017 Алматы» Бүкіл­әлемдік ойындарын насихат­тау;

Денешынықтыру және спортты са­лауатты өмір салтын қалып­тастыруға пайдалану;

Тәжірибе алмасып, спорттық шеберлікті шыңдау;

Қазақстанда регби спортын дамытып, насихаттау.

 

Регби спортынан жастар арасын­дағы ҚР чемпионатына 14 облыстың, Астана, Алматы қалаларының команда­лары қатысты. Тартысты өткен респуб­ликалық сайыстың нәтижесінде 1-орынды Алматы облысының регби командасы жеңіп алды. 2-орын Алматы қаласындағы №3 Спорт мектебі еншісінде. 3-орынды Оңтүстік Қазақ­стан облысы регби командасы иеленді. Қазақстан чемпионатының жеңімпаз, жүлдегер командалары кубок, диплом­дармен марапатталды.

 

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған кикбоксинг турнирі

 

Түрксіб ауданындағы «Абылай хан» спорт кешенінде кикбоксингтен «Күш­тілер турнирі» республикалық жарысы өтті. Жекпе-жектен өткен республи­калық турнир Тәуелсіздіктің 25 жыл­дығына және «Кикбоксинг спортына еңбек сіңірген бапкерлерді» еске алуға арналды.

«Спорттық Алматы» салауаттылық бағдарламасы аясында «Универсиада-2017 Алматы» ойындарын насихаттау мақ­сатындағы республикалық турнирдің жеңімпаздары төмендегідей орындарды иемденді:

І орын – Шығыс Қазақстан облысы, ІІ орын – Қарағанды облысы, ІІІ орын –  Алматы қаласы командасы. Жеңімпаз, жүлдегер командалар ҚР Денешы­нықтыру және спорт істері комитетінің диплом­дарымен марапатталды.

 

Аудан әкімінің Кубогы үшін

 

Түрксіб ауданы әкімінің Кубогы үшін өткізілген жарыс спорттың ерекшелеу түрі – авиамодельдеу спортынан ұйымдас­тырылды. Аудан әкімі аппараты ұйым­дастырған аймақтық жарыс та «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында Тәуел­сіздіктің 25 жылдығына арналып, Алматы облысы мен шаһар­дағы жас техниктер клубтары қатысты.

«Байсерке» әуежайында өткен турнирде «болашақ авиаконструк­торлар» өз қолдарынан шыққан ұшу модельдерін әкеліп, жарысқа қатысты. Жарыс:

* Сызбалы планер;

* Резинамоторлы планер;

* Планер А-1;

* Планер А-2;

* Әуе соғысы моделі;

* Радиомен басқарылатын электро­планер;

* Ұшқышты модель;

* Зымырандар (R1, R2, R3) т.б. «ойыншық ұшақтар» бойынша өтті.

 

Турнир нәтижесінде 1-орынды Алматыдағы №44 мектеп-гимназияның жас техниктері жеңіп алса, 2-орында Алматы облысының «конструкторлары» болды. 3-орынға Оқушылар сарайының командасы орнықты. Жеңімпаздар кубок, медальдармен, дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапат­талды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *