«САЙРАНДАҒЫ» АЛҒАШҚЫ МЕРЕКЕГЕ КЕЛІҢІЗДЕР

7«Сайран» кӨлінің қос жағалауында демалушылар үшін тамыздың 1-і күні батыс жағалауда арқан тартысып, асық ату сияқты ұлттық ойындар ойналып, суда шоу кӨрсетілмекші.

 

Әсел ДАҒЖАН

 

Шілденің ыстығы шегіне жетіп тұрған Алматының биылғы жазы қала тұрғындарын көптен күткен тілегіне жеткізгендей. «Сайран» көлінің қос жағалауында ашылған  шомылу маусымы жағажайға күніне 2000-дай алматылықты жинауда. Бұл туралы «Сайран» көліне ұйым­дастырылған пресс-тур кезінде қалалық Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтып берді.

 

–       «Сайран» көлінің қос жағалауын көріктендіру үшін 160 милллион теңге жұмсалды. Бүгінде жағалауда орта есеппен алғанда күніне 2000 адам демалуда. Әрі мұндағы демалыс тегін, – деді басқарма басшысы Еркебұлан Нұрланұлы.

Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, көлдің айналасын көріктендіру жұмыстары әлі аяқталмапты. Алдағы уақытта көгалды (газондарды) автоматты түрде сулан­дыратын жүйе орнатылып, ұзындығы 3,5 шақырым болатын веложол төселуі тиіс әрі көлдің айналасын жарықтандырып тұратын шамдар қойылатын болады.

«Сайран» көлінің жағалауына түстен кейінгі сағат 3 пен кешкі сағат 5 аралығында келсеңіз, құжынаған адам, құдды, шетелдік жағажайлардың шағын көрінісіндей әсер қалдырады. Көл суының шомылуға жарамдылығы жайлы сауалымызға жо­ғарыда аталған басқарма басшысы Еркебұлан Оразалиннің жауабы төмен­дегідей болды:

–       Көлді таза әрі сапалы сумен қам­тамасыз ету және шомылу үшін Үлкен Алматы өзенінде бірнеше рет рейд ұйымдастырдық. Нәтижесінде көлді ластаған жеке және заңды тұлғаларға 8 миллион теңге айыппұл салынды. Енді бұл жұмыстар тұрақты жүргізіліп тұрады.

Дегенмен, көл суының сапасы жайлы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің қорытындысы әлі белгісіз. Басқарма басшы­сының сөзінше, судың сынамасы алынған, ал қорытындысы жақын күндері шығуы тиіс. Алдын ала болжам бойынша, көл суы шомылуға жарамды. Өйткені, таудан таза ағын су келеді.

Пресс-тур кезінде белгілі болғаны, Алмалы және Әуезов аудандарының шекарасынан өтіп жатқан көлдің батыс жағалауында сенбі күні мерекелік шара өтпекші.

– Сайран көлінің батыс жағалауында ойластырылған көріктендіру жұмыс­тарына байланысты, сенбі, тамыздың 1-жұлдызына үлкен мереке жоспарлап отырмыз. Соған орай 15-ке жуық команда тіркелді. 1-орын иеленетін жеңімпаздарды Алакөлдегі 1 апталық демалыс күтіп тұр. Ал 2-орын үшін famіly саябағы, 3-орын – «Сарыарқа» кино­театрына 15 күн тегін кино тамашалауға мүмкіндік беретін билет бар, – деген жағымды жаңа­лығымен бөліскен Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Архат Омаров жеңімпаздар үшін ақшалай сыйлық та барын айтып өтті.

Мерекелік шара кезін­де бал­дырғандарға 500 балмұздақ тегін тара­тылады екен. Ар­найы демеушілердің арқасында минералды сулар да тегін үлес­тіріліп, бұдан өзге жаға­жайда құмнан алып мүсіндер де тұрғызыл­мақ.

Аптап ыстықтың бетін көл айдынында қайтар­ғысы келіп, «Сай­ранға» қарай ағы­латын жұрттың алды түскі сағат 12-де келе бас­тайтын көрінеді. Пресс-тур кезінде байқаға­нымыздай, жағажайға демалуға елуді еңсеріп, ата-әже атанып үлгерген қалалықтар немерелері­мен келуде. Көлдің жағалауын­дағы демалыс тегін болған­дықтан, мектеп жасындағы балалар да күнде келетін көрінеді. Солардың ара­сындағы бірі:

–       Бүгін бірінші рет келдім. Әзірге бәрі жақ­сы. Су аздап салқындау екен. Бір ұнамай тұрғаны, судың екі жағында ары-бері қаншама машина өтіп жатыр. Сондықтан екі жол жақ бетін жабу керек сияқты, – дейді Марина есімді әскери бөлім қызметкері.

Қалалық тегін отбасылық демалыс орнына айналып үлгерген «Сайран» көлі су жағасына бөтелкесін құшақтай келетіндерді де жатсынбайды. Көлдің шығыс жағалауында демалып жүрген отбасының үш баласы «көлдің суының тазалығы онша емес екен» дегенді айтты. Айтуларынша, кеше Қапшағайда демал­ған екен, «оның суы әлдеқайда таза» дейді. Сайранның жағалауы тегін болғандықтан, бүгін осында біраз жүзіп, жарыспақшы. Суда жүрген балалардың бірі  «осында күнде келем» дейді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *