САҒЫ СЫНБАҒАН: ДЦП-мен ауыратын азамат 3 университет тәмамдап, 3 кітап жазған

Сал ауруына шалдыққан Анка­раның 47 жасар тұрғыны үш универ­ситет бітірген және үш кітап жазып шыққан. Екі қолы мен екі аяғы сал болғанына қарамастан, ол өз сенімін жоғалтқан емес. Қазір ол төртінші жоғарғы білімін алуда.

Сәби кезінде Мұстафа Муд­журоғлы сарыаурумен ауырады, біраз уақыт өткенде дәрігерлер балаға ЦСА (церебральды сал ауруы) диагнозын қояды. Ұзаққа созылған емдеуден соң ол ғимарат іші мен көшеде қозғалуына көмектесетін мүгедектер арбасына үйреніп те алған. Мұстафаның анасы Мерал Ипек ұлының барлық бастама­сына қолдау көрсетіп келеді. Анасы­ның махаббаты мен қамқорлығының арқасында Муд­журоғлы мектеп пен лицейді, кейіннен университетті сәтті аяқтады. Ол техникалық және эконо­микалық білім алды, сонымен қатар қоғаммен байла­ныс жөніндегі маман атанған. Қазіргі таңда кейіпкеріміз Анкарадағы ең үздік университеттердің бірінде фило­софияны зерттеп, жұмыс жасауда.

Бос уақытында ол кітап оқығанды жақсы көреді, өзі де әңгімелер жазады. Кітаптарын ол қаламсапты тістеріне қыстыру арқылы жазады, ал компью­термен жұмыс істегенде пернелерді таяқшаның көмегімен басады.

–              Мен өзімді біреуге үлгімін деп ойламаймын. Дәлірек айтсақ, мен өзіме назар аудартамын. Менің өмір жолымда теріс нәрселер көп болды, дегенмен қиын жағдайларды еңсеруге көмек­тескен көп достар таптым. Мен ешқашан күресуді тоқтатпаймын, – дейді Мұстафа. Университет пен жұ­мысқа оны анасы апарады. Қайырым­ды жандар­дың көмегімен Муджуроғлы отбасы автокөлік сатып алған. Көлік­тің бар екендігіне қарамастан Мұс­тафа авто­буспен жүргенді ұнатады. Оның айтуын­ша, осылайша ол өзінің қоғам­ның бір мүшесі екендігін көр­сетеді. Кейде жүргізушілер өзгеше жолау­шыны алудан бас тартатын көрінеді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *