ӨРТТІ СӨНДІРУДЕН ГӨРІ ЕСКЕРТУ ОҢАЙ!

 

Серік ЖҰМАБАЙ

Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында қалалық Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Арман Байгелов алматылықтарды қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.
«Алматы қаласында төтенше жағдай режимі жалғасуда. Қозғалыс бойынша шектеулер енгізілді. Біз барлығын үйде қалуға шақырамыз», — деді Арман Бәкірұлы.
Алматылықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Ішкі істер министрінің бұйрығымен 1525 құтқарушы қызмет атқарудың ерекше режиміне ауыстырылған. Тәулік бойы жедел қолдануға 118 бірлік техника мен 355 құтқарушы және өрт сөндіруші дайын тұр.
Сонымен қатар, ТЖД қызметкерлері сіздерді үйде отырып, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды және еске салады:
— ешқашан төсекте темекі тартпаңыз. Есіңізде болсын, темекі және алкоголь – өрт шығаруға себепкер белсенді заттар.
— балконда темекі тартпаңыз, темекі тұқылын (қалдығын) төмен тастамаңыз.
-электр сымдарының дұрыстығын бақылаңыз, электр желісіне шамадан тыс сым қоспаңыз, қолдан жасалған электр аспаптарын қолдануға жол бермеңіз.
— газ және электр құралдарын қараусыз қалдырмаңыз.
— балкондарға (лоджияларға), сондай-ақ эвакуациялық шығу жолдары мен баспалдақтарға жиһаз, үй -жабдықтарын және басқа да жанғыш материалдарды үймеңіз.
— балаларды қараусыз қалдырмаңыз, оларды өрт кезіндегі қолданылатын іс-әрекеттерге үйретіңіз.
— ас үйде немесе пәтерде газдың аздаған иісі кезінде жарық тұтатпаңыз, ашық отты пайдаланбаңыз – дереу бөлмені желдетіңіз, газ кранын жабыңыз және газ қызметін немесе құтқару қызметін шақырыңыз.
Қалада 24 карантиндік аймақ бар, онда адамдар барлық кіреберістерімен шектелген. ПИК басшылары осындай пәтерлердің бірінде өрт шыққан жағдайда барлық кіреберістің эвакуацияланатынын түсінген жөн.
Олар үшін алдын-ала басқа кіреберістердің тұрғындарымен араласпайтындай ауладан орын анықтау керек.
Біз сізге және сіздің ПИК – теріңізге бірнеше жадынамалар әзірледік және оларды сізге Ватсап месенджерімен бағыттаймыз. Қарапайым талаптарды мұқият оқып, сақтауыңызды сұраймыз.
Есіңізде болсын– өртті сөндіреуден гөрі ескерту оңай!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *