Республикалық штабтың отырысында Президент тапсырмалары аясында денсаулық сақтау жүйесін дамыту мәселелері қаралды

Орталық қалалық клиникалық аурухана базасында Денсаулық сақтау вице-министрі Л. Ақтаеваның және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Бабақұмаровтың төрағалық етуімен аналар мен балалардың өлім-жітімін азайту мәселелері бойынша республикалық штабтың отырысы өтті.

Штабтың отырысына Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі бөлімшелерінің басшылары, республикалық ғылыми медициналық орталықтардың және қалалық медицина ұйымдарының басшылары қатысты.
Қатысушылар бірқатар мәселелерді қарады, соның ішінде медицинаның түрлі салалары бойынша талдаулар мен ұсыныстар туралы айтылды. Негізінен, Алматыда үстіміздегі жылдың 9 айы ішінде нәрестелер өлімін талдау нәтижелері, инсульттық қызмет жағдайының мәліметтері, онкологиялық сырқаттар, Алматының жедел медициналық қызметінің жағдайы және басқа мәселелер сөз болды.
Отырыс барысында Денсаулық сақтаудың вице-министрі Лязат Ақтаева республикалық штабтың басты міндеті кемшіліктерді тұрақты түзету екенін атап өтті.
«Оқыту процесі үздіксіз. Көшпелі штабтың отырысы – қателіктерді тұрақты түзету. Яғни, анықталған кемшіліктерге қатысты аудит жүргізіледі және басшылармен болған ашық әңгімелер кезінде қандай шаралар қабылдау керектігі айтылады», — деді вице-министр Лязат Ақтаева.
Өз кезегінде Алматы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров бас дәрігерлерге медициналық қызметтің сапасын жақсарту үшін халықпен тығыз байланыс орнатуға кеңес берді.
«Барлық орындалмаған көрсеткіштерді тиянақты қолға алу керек. Тек үйлестірілген бірлескен іс-әрекеттер мен соңғы нәтижеге ұмтылыс қана медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартудың барлық міндеттерін шеше алады», — деп атап өтті Ержан Бабақұмаров.
Республикалық штабтың отырысы нәтижесі бойынша Алматыда 29 қазанда өткен кеңесте Президент Қ.-Ж. Тоқаевтың Алматының денсаулық сақтау жүйесін жақсарту, сапасын арттыру және МӘМС механизмдерін енгізу арқылы медициналық қызметті қолжетімді ету бойынша берген тапсырмаларын орындау үшін іс-қимылдың кешенді жоспары әзірленді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *