ПОЛИЦЕЙЛЕРГЕ РАХМЕТ!

Қазіргі кездегі бүкіл әлемде болып жатқан коронавирус індетімен күресу басты міндет болып тұр. Соның ішінде полиция еңбегін өз басым қатты бағалаймын. Қиын да қауіпті салада еңбек еткендіктен, полицейлер барлық нәрсеге дайын болуы қажет. Бүгінде елімізде мына бір індет тарап, тұрғындарды әбігерге салды. Осы тұста тәртіп сақшылары күні-түні күшейтілген режимде жұмыс жасап жүр.
Полиция қызметкері – халықтың қорғаны. Сондықтан бұл қызметке тек мықтылар ғана, халыққа көмектесіп, қорған болам деген азаматтар ғана орналасуы керек.
Өткенде көлігімде келе жатып, өзімді өте жайсыз сезіндім. Төзімді, шыдамды елдің ұрпағымыз ғой, межелі жерге аз қалғандықтан көлігімді тоқтатпай жүре бердім. Ішетін дәрім де үйде қалып кетіпті. Басым айналып, көзім қарауыта бастаған соң, көлікті жол шетіне бұрып, тоқтауға ыңғай танытайын дегенде, «Көлікті жол шетіне тоқтатыңыз» деген саңқылдаған үдеткіштен шыққан дауыс санамды селт еткізді. «Не қателік жібердім екен?» деп көлікте енді ойлана бергенімше, патрульдік полиция көлігінен денелі келген тәртіп сақшысы көлігіме жақындады да «Інім, байқап келемін, көлікті жай жүргізіп келесіз. Мазаңыз жоқ па? Жедел жәрдем шақырайын, көмек керек пе?», — деп жағдайымды сұрады.

Форма киген полицейге мазам жоқтықтан тоқтағанымды жеткіздім. Көмектесіп, қолұшын берген Алматы қалалық ПД ЖПҚ УПИ аға лейтенанты Т.Айнақұлов пен полиция аға лейтенанты И.Исмайыловқа ризашылығымды білдіріп, алғыс айтамын.

Жалпы, алматылық полиция қызметкерлері қашанда халықпен бірге. Елімізде Төтенше жағдай, карантин жарияланғалы бері олар күн-түн демей күшейтілген режимде қызмет етуде. Жасыратыны жоқ, полицияға деген қоғамда теріс көзқарас бар. «Дөрекі сөйлеседі, тыңдамайды» деп сын айтушылар көп. Ал, олар заң бұзған өзінің кінәсін айтпайды. Бұл, көзқарастан арылатын кез келді. Полиция – елдің қорғаны. Полиция әрдайым халықпен бірге.

Серік ЖҰМАБАЕВ.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *