Партия жұмыссыздар санын азайтуға ықпал етеді

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

 

Жыл сайын  «Нұр Отан» партиясының республикалық, облыстық, қалалық, аудандық   филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлімі  жергілікті жерлердегі халықты Жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп,  Бірыңғай қабылдау күндерін өткізуді дәстүрге айналдырған.

Биылғы жылғы Бірыңғай қабылдау күні «Нәтижелі жұмыспен қамтудың 2017–2020 жылдарға арналған бағдарламасын  халыққа түсіндіруге және оны жүзеге асыру мәселелеріне айналдырды.  Бұл  іс-шараға қатысып, өздеріне лайықты жұмыс табуға үміттеніп келген азаматтарға «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің басшысы Динара Рақымқызы. Алматы қалалық халықты Жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Мейрам  Сүйіндіков  «Бірыңғай қабылдау» күнінің мақсат­тары мен міндеттерін және осы акция аясында қала тұрғындарына ұсынылып отырған мүмкіндіктер жайлы айтып, «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіп­керлікті дамытуға  бағытталған мемлекеттік бағдарламаның басты бағыттарымен және осы бағдарлама аясында қаламызда жүзеге асырылып жатқан іс-шараларға  тоқталды.   Қазіргі кезде Алматы қаласында жұмыссыз жүрген азаматтарды жұмыспен қамтумен қатар, олардың кәсіптік білім алуларына,  бағдарлама ұсы­нып отырған кәсіпкерлікті дамыту бағыты арқылы өз кәсібін ашып, жеке кәсіпкерлікті дамытуға  беретін мүмкіндіктерімен таныстырып өтті.

Бүгінгі іс-шараның ең басты мақсаты «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2020 жылдарға арналған бағдарламасының негізгі бағыттарын халыққа түсіндіру және ақпараттандыру. Сондай-ақ, партияның «сәтті қадам» жобасын жұртшылық арасында кеңінен насихаттау болып отыр.  Бұл бағдарлама­ның  мақсаты – әлеуметтік жағынан қорғалмаған жастар­ды,  кәсіптік-техникалық оқу орындарын бітірген  жас маман­дарға қолдау көрсетіп,  еңбекке баулу, ҰБТ  кезіне 50 балл жинай алмаған  мектеп бітіруші түлектердің кәсіптік-техникалық бағытта білім алуларына ықпал ету болып табылады. Акция барысында бізге  келіп түскен өтініштерге мониторинг  жасап, тұрғындарға еңбек заңы бойынша құқықтық кеңес, көмек беру де көзделген. Өткізіліп отырған акцияға қала бойынша жиырмадан астам жұмыс беруші мекемелері мен кәсіпорындар қатысып, олар жұмыс іздеп жүрген азаматтарға  100-ден астам  жұмыс орнын ұсынып отыр. Біз акция аяқталған соң  жұмысқа қабылдау туралы қанша адам өтініш қалдырды, оның қаншасы жұмысқа орналасу құқына ие болды, соны анықтайтын боламыз. Егер де қандай да бір мекеме өздеріндегі бос жұмыс орындары туралы мәліметтерді жасырып қалатын болса, оларға айыппұл салынады дейді,   «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің басшысы. «Бірыңғай қабылдау» күнінің Елбасының күні кеше ғана жариялаған  Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған бес бағытымен үйлесім табатындығын  да атап өтті. Ең бастысы, партия өз жобалары арқылы еліміздегі жұмыс­сыздар санын азайтуға ықпал ететіндігін атап өткен ұйым­дас­тырушылар Алматы қаласындағы  жұмыссыз жүрген азаматтар жұмыссыз қалмайды, қалада  жұмыс істегісі келген азаматқа жұмыс табылады дегенді түйіп айтты.  Олардың сөзін дәлелдеу үшін бірқатар жұмыс берушілер­дің үстелін жағалап шыққан едім.

Жастарға лайық жұмыс түрі көп сияқты көрінгенмен, жасы зейнет жасына жақындап қалғандардың  жұмысқа орналасуға мүмкіндігі аз екендігін аңғардым.  Жаста­рымыздың жолы ашық болып, солардың тауы шағылмаса болды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *