ПАЙҒАМБАРЫМЫЗ (с.ғ.с.) ҚҰРБАНДЫ ҚАЛАЙ ШАЛҒАН?

Ол жайлы төмендегідей, т.б. деректер бар.

Әнас бин Малик (р.а.): «Пайғамбар (с.ғ.с.) мүйізді екі қошқарды құрбандыққа шалды. Екеуін де өз қолымен, бисмилла мен тәкбір айтып, (малдың) бүйірін аяғымен басып тұрып бауыздады», – деп риуаят етеді.

Айша (р.а.) риуаяты: «Алла елшісі (с.ғ.с.) бір қошқарды алдырды. Оның аяғы қара, іші қара, көзі қара (еді). Құрбан ету үшін алдырды. Айша анамызға: «Пышақты алып кел де, оны таспен қайра», – деді. Солай етті. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қошқарды жерге жатқызып, бауыздап: «Бисмилла! Уа, Алла! Мұхаммедтен, Мұхаммедтің отбасынан және Мұхаммед үмбетінен қабыл ет», – деп құрбан шалды».

Ибн Омар (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.) Мадина қаласында он жыл тұрды, (әр жылы) құрбандық шалды», – деп риуаят етеді.

http://www.muslim.kz/kk

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *