ОЗЫҚ ЗАМАНҒА СӘУЛЕТТI ШАҺАР КЕРЕК

ҚАЛА-ҚАРБАЛАС

2Нұрлан СҮЙIН

Алматы Қала құрылысы кеңесi екi жаңа тұрғын үй жобасын бекiттi

Алып шаһар Алматы әлемнiң өркениеттi де сәулеттi қалаларының қатарында. Қазақстанның ең үлкен мегаполисi қала болып қалыптасу тарихында талай түрленiп, қай кезеңде де ең жасыл, заманауи шаһар болып келедi. Алматылықтардың уақыт талабына сай, жайлы баспанада тұруы үшiн де бар мүмкiндiк қолға алынған бүгiнде. Тұрғын үй саласы бойынша мемлекеттiк бағдарламалардан өзге Алматының өз бағдарламалары да бар.

Алматы қаласының әкiмi Ахметжан Есiмовтiң төрағалығымен Алматы Қала құрылысы кеңесiнiң отырысы өттi. Жиналыста екi тұрғын үй кешенiнiң жобасы талқыланды. Жобаның бiрi Фурманов – әл-Фараби көшелерiнiң қиылысындағы тұрғын үй кешенi. Кеңес жобаны талқылауда бiрқатар талаптар қойды. Көлiк тұрақ- тайтын орындар санын көбейту, кешеннiң инфрақұры- лымын, әлеуметтiк нысандар салу жайы айтылды. Тұрғын үй кешенi заманауи болуы ескертiлдi. Шаһар басшысы Алматының оңтүстiгi «қаланың келбетi» екенiн баса айтты. Сол себептi, бұл ауданның әрбiр құрылысы уақыт талабына сай болуы шарт.

— Қаланың оңтүстiк бөлiгiнiң құрылысын кешендi түрде қарастыру керек. Бұнда тек тұрғын үйлер ғана бой көтермеуi керек, әлеуметтiк нысандар, офистер, қаржы институттары, сауда, ойын-сауық орталықтары салынуы қажет, – дедi Ахметжан Есiмов.

Медеу ауданының Қонаев көшесiнде салынатын тұрғын үй кешенiнiң жобасын талқылауда қалалық кеңес мүшелерi бiраз ескертулер айтты. Жобада көлiк тұрағы, кешендi абаттандыру, көгалдандыру нысандары қарастырылмаған. Әкiм салынатын тұрғын үй кешенiне жақын көшелердегi көлiк қозғалысын ескере отырып, құрылыс жобасын қайта пысықтауды тапсырды.

Кеңес отырысын қортындылаған қала басшысы Алматының тарихи орталығының шекарасын айқындауды тапсырды. Шаһардың орталығында жаппай құрылыс жүргiзiлмейтiнiн айтты.

Мың жасаған шаһар замана талабына сай талай түрленсе де, мүмкiндiгiнше тарихи келбетiн сақтап қалуы тиiс.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *