Осындай бір ескерткіш Алматыға да сұранып тұрған тәрізді

Бір үзік ой

22-08-zere-eskertkish

«Сыр – Алаштың  анасы» деген сөз бар. Алатау – Арқа, Атырау – Алтай  аясы – қазақтың қай өңірі болса да қасиетті, киелі ғой. Ал енді бүгінде мыңжылдығын тойлап жатқан Алматының да жөні бөлек. Алматы  – бүкіл  Алашқа пана болған, басынан небір дәуірлер мен дәурендер өткен,  кешегі Ахаңдар бастаған Алаш  ардақтыларының, зиялыларының табанының ізі қалған өңір ғой. Алматының қадірін жұрты білмейді емес, біледі. Біздің ойымыз білгеннің үстіне біле түссе дейміз ғой. Бүгінде шаһар өмірінде өткеннің өнегесін ұлықтау рәсімі жүріп жатқанына куә болып жүрміз. Өзінің ұлттық құндылықтарына,  алтын бастауына бұрылып, рухани жаңғыру, түлеу жолына түскенін әркім де байқап жүрген болуы керек.

Біз бір нәрсені ескермей жүрген  тәріздіміз. «Алып анадан туады» деген. Әлгінде айтқан арыстарымыз да сол анадан туған. Сол арыстарымыздың  өмірлік серіктері де  өмірінің соңына дейін  ерімен бірге бар қиындықты бастан кешіп, осы Алматыда өмірден озды.

Ойды ой түртеді. Осы таяуда Семейдің Жарма ауданының орталығы Қалбатауда Зере әжемізге (суретте) ескерткіш қойыл­ғанын оқыдым. Оқыдым да, ойға шомдым. Қандай тәрбиелік,  тағылымдық мәні зор ескерткіш. Әженің алдында отырған балпанақтай, торсық шеке бала Абай қандай! Абайдың анасы – қазақтың, елдің анасы. Осыдан кейін ойлаймын ғой.  Дәл осындай ескерткіш Алматыға да сұранып тұрған тәрізді. Қазақтың барша ұлыларын бауырына басқан Алматының  тарихында сол ұлыларды өмірге әкелген  аналардың жиынтық бейнесін негізге алған бір алып ескерткіш тұрғызуға неге болмасқа! Пуш­кинге ертегі оқып беретін күтуші әжесі туралы жақсы білетін кешегі, бүгінгі ұрпақтың дәл осыны білмеуі, дәл осылай ойламауы мүмкін емес қой.

 

Ж.ЫНТЫҚБАЙ.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *