ҚОШ, АЯУЛЫ ӘРІПТЕС!

Қазақ журналистикасы ауыр қайғыға ұшырады. Аяулы әріпте­сіміз, белгілі фотожурналист, Қазақстан Журна­листер одағының мүшесі Мэлс Нүсіпұлы Етекбаев өмірден озды. 

Мэлс Етекбаев – 1944 жылы 10 қыр­күйекте бұрынғы Талдықорған облысы, Сарқанд қаласында дүниеге келген. Орта мектептен соң Польшада әскери міндетін өтеп келіп, қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналис­тика факультетін бітірген. Еңбек жолын Талды­қорғанның «Заря Семиречья» аудандық газе­тінде бастап, кейін облыс­тық «Огни Алатау» газетінде жетекші фотожурналист болып жал­ғастырған. Оның фотообъекти­вінен облыс­тық әлеуметтік-экономикалық сала­дағы қол жеткен табыстары мен тәуел­сіздігі­міздің алғашқы кезеңдерінде орын алған көп­теген факторлар арасындағы сапалы адами капиталдың ашық образдары көрініс тапты.

Кәсіби фотожурналистің жұмыстары негізінде фотокөрмелер ұйымдастырылды. Олар бірнеше рет конкурстарда жоғары марапаттарға ие болды.

Мэлс Етекбаев соңғы кездері «Вечер­ний Алматы», «Pro Sport» газеттерінде қызмет етіп, елімізде және шет елдерде болып жатқан спорт жарыстары туралы тамаша суреттер жариялады.

Бұқаралық ақпарат құралдарына қосқан үлесі үшін бірнеше рет мерекелік медаль­дармен марапатталып, Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарға ие болды.

Алдың пейіш, артың кеніш болсын, әріптес!

 

«Ақшамдықтар». 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *