ҚОЛМА-ҚОЛ АҚША БЕРМЕҢІЗ!

5Кешеден бастап қоғамдық көліктерде жолақы төлемі «ОҢАЙ» карталары арқылы жүзеге асырылуда

Алматы қаласының қоғамдық көліктерінде қолма-қол төлем жасау түбегейлі тоқтатылды. 2016 жылдың 11 қаңтарынан бастап қоғамдық көліктерде жолақы төлемі «ОҢАЙ» карталары арқылы жүзеге асырылады. «Алматы көлік холдингі» ЖШС мен тасымалдаушы-компаниялар арасындағы келісім-шарт бойынша жолаушыларды тасымалдау барысында ешқандай мәселе туындамауы керек. «Оңай» терминалы істен шыққан жағдайда автобус бағытын жалғастыруға құқы жоқ. Мұндай жағдайда «ОҢАЙ» бақылаушылары 15 минут ішінде келіп, өзіндегі терминалдың көмегімен жолаушыға билет үлестіруге міндетті. Бұл басқа көлікке ауысқанда қайта төлем жасамауға мүмкіндік береді.

Қоғамдық көлікке мінген жолаушылардан жүргізушіге немесе кондукторларға ақша төлемеуді өтініп отыр. Ал «Оңаймен» төлем жасамаған жолаушы билетсіз деп танылып, көлік жүргізуші билетсіз жолаушыны тасымалдағаны үшін айыппұл төлейтін болады.

ҚР Кодексінің «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Заңына сәйкес, «Қалалық қоғамдық және қала маңынан қатынайтын көліктердегі ережені бұзу» туралы 622-бабының  2-тармағына сәйкес қоғамдық көлікте жолақы төлемегендерге екі айлық есептік көрсеткіші негізінде (4 242 теңге) айыппұл салынады. Сондай-ақ, осы заңнамаға сәйкес «Жолаушыларды билетсіз тасымалдау» бойынша 623-бабының 2-тармағымен заң бұзған көлік жүргізушілері 10605 теңге (бес айлық есептік көрсеткіш) айыппұл төлейді.

Ағымдағы жылдың 18 қаңтарынан бастап Алматы қалалық ІІД-нің әкімшілік полициясы басқармасының және БАҚ өкілдерінің қатысуымен қоғамдық көліктегі жолақысыз жолаушыларды анықтау мақсатында рейдтер ұйымдастырылады.

11 қаңтарға дейінгі мәліметтер бойынша, 560 827 «Оңай» көлік картасы таратылды. Олардың 346741-і – жеңілдікті «Оңай» карталары, 214 086-сы – бірыңғай көлік карталары.

Былтырғы жылдың үш айында «ОҢАЙ» көлік карталары 3 733 447 рет қолданыста болып, 231 231 475 теңгенің жолақысы төленген. Ал 2016 жылдың 1 – 10 қаңтар аралығында «ОҢАЙ» карталары бойынша 67 290 240 теңгеге 1 179 361 транзакция жасалды.

 

«Алматы кӨлік холдингі» ЖШС.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *