Оқушылар сақ дәуіріне саяхат жасады

Әсел ДАҒЖАН

 

 

Халықаралық ескерткіштерді және тарихи орындарды қорғау күніне орай, қалалық Мә­дениет және архивтер бас­қармасы мен Ал­маты музейі бірлесе отырып, мектеп оқушы­лары үшін археологиялық «Боралдай сақ қорғандары» саябағына экскурсия ұйымдас­тырды.

Ашық аспан астындағы саябақты тама­шалауға Алатау ауданының 100-ге жуық мектеп оқушысы мен колледж студенттері келді. Музей қызметкері оқушыларды қала ортасында сақталған бірегей сақ қорған­дарының тарихымен, олардың жерлеу рәсімдері мен тұрмыс-тіршілігіндегі кейбір ерекшеліктермен таныстырды.

– Халықаралық ескерткіштерді және тарихи орындарды қорғау күнінің құрметіне шет елдерде маңызды ескерткіштердің айна­ласында тазалық шаралары жүргізіледі. Атау­лы датаға орай, біз де бүгін оқушы­лармен бірге ескерткіш айналасында тазалық жүргізіп, оқу­шыларға танымдық экскурсия ұйымдас­тырдық. Өйткені, қазіргі Жетісу жері ерте темір дәуірінде сақтардың рухани аймағы болды. Мұндай шаралар бізде акция ретінде жыл сайын ұйымдас­тырылады, – деді Алматы музейінің қызметкері Толғанай Махамбетәлі.

«Боралдай сақ қорғандарын» тамаша­лауға соңғы кездері ТМД-дан туристер көп келетін көрінеді. Тіпті, осы маңдағы мектептердегі тарих пәні кейде осы ашық аспан астындағы саябақта өткізіледі екен.

«Боралдай сақ қорғандарынан» басталған экскурcия Райымбек батыр ескерткішіне барумен қорытындыланды.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *