Қоғамдық кеңеске тағы 10 адам мүше болды

Қала әкімдігінде қалалық мәслихаттың хатшысы Қалдыбай Қазанбаевтың төрағалық етуімен Қоғамдық кеңестің мүшелерін қалыптастыру бойынша жұмыс тобының отырысы өтті.

Жиында кеңестің жаңа 10 мүшесі сайланды. Соның ішінде шығып қалған мүшелердің орнына үш адам және жаңа мүшелері болып жеті адам сайланды. Қоғамдық алқа мүшесі болуға 32 үміт­керден  ұсыныс келіп түсті. Соның 8-і әйел адам болса, қалған 24-і ер адам.

Айта кету керек, заң бойынша Қоғамдық кеңес мүшелерінің санына шектеу қойылмаған. Тек олардың үштен бірі мемлекеттік мекемелерден сайлануы тиіс. Сондай-ақ, кандидаттардың жасына, жынысына және жұмысына да шектеу жоқ. Кез-келген сала өкілі мен зейнеткерлер де қаланың маңызды мәселелерін шешуге білек сыбана кірісе алады. Бірақ басты талап – кеңес мүшелері барлық кездесу­лерге белсенді қатысып, өз пікірін білдіруі қажет.

Осылайша Қоғамдық кеңестің жаңар­тылған құрамы 37 адамнан тұрады. Оның ішінде мемлекеттік органнан 3 өкіл және азаматтық қоғамнан 34 өкіл бар.

 

Қалалық Қоғамдық кеңеске жаңадан сайланғандар тізімі

  1. Абылқасымова Алма Есімбекқызы,

Абай атындағы Қазақ ұлттық педа­гогикалық университеті Педаго­гикалық білім беруді дамыту орталығының дирек­торы, Математика, физика және инфор­матиканы оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі;

  1. Аманбаев Сәбит Шаяхметұлы, «Алматы қаласы Жолаушылар тасымалы кәсіпорындарының қауымдастығы» ЗТҰ президенті;
  2. Данилина Анна Викторовна, «Аль­тернатива» Бітімгершілік және Медиация орталығы» ҚҚ жаттықтырушы-медиаторы, президенті;
  3. Жанпейісов Көпесбай Оразбайұлы, «Ұлы Отан соғысы ардагерлері, әскери қызметі және тыл жұмысшыларының Алматы қалалық кеңесі» ҚҚ төрағасы;
  4. Іңкәрбеков Ұлан Әскербекұлы, Алматы қалалық Мүгедектер қоғамы басқарма төрағасының орынбасары;
  5. Қасымжанова Жанат Кәкім­сейітқызы, Қазақстан–Ресей медициналық уни­вер­ситетінің уақытша ұжымы «Меди­циналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту орталығы» жобасының басшысы;
  6. Құрманғалиев Амангелді Құрман­ғалиұлы, «Генералдар кеңесі» республи­калық қоғамдық бірлестігінің мүшесі, зейнеткер;
  7. Мұхамеджанова Нұржан Жалау­қызы, «Алматы» телеарнасының бас дирек­торы;
  8. Шапенов Әлібек Төлегенұлы, Қазақстан Коммунистік Халық Партиясы Алматы қалалық комитетінің бірінші хатшысы, ҚКХП ОК саяси бюросының мүшесі;
  9. Шалабаев Құсман Кәрімұлы, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің кеңесшісі.

 

«ақшам-ақпарат».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *