Қоғамдық даму басқармасының басшысы тағайындалды

Алматы  қаласының  Қоғамдық даму басқармасының басшысы болып Әлібек Әлденей тағайындалды.

Ол – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің және Қазақстан Респуб­ликасы Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Әр жылдары Қазақстан Республи­касының  Мәдениет және ақпарат ми­нистр­лігінде, «Халықаралық  бағдарлама­лар орталығы» акционерлік қоғамында, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорында  және т.б. қызмет атқарған.

2015 жылдан «Алматы» телеарнасын басқарды. Осы уақыт  ішінде компания айналымы 3 есе өсті. Телеарна алғаш рет оң қаржылық  нәтиже көрсете бастады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша TNS Gallup Medіa Asіa мәліметтеріне  сәйкес, теле­арнаның Алматы бойынша көрермен­дер аудиториясы 1,5 миллионға  жетті, еліміз бойынша – 5,5 млн. адам. Үш жыл ішінде телеарнаның үлесі 375%-ға артты. «Алматы» каналы ел телеарналарының  рейтингі  бойынша  алдыңғы  ондықтың  қатарына  енді.

Басқарманың жаңа басшысының ал­дына бірінші кезектегі міндеттер қойылды, олар:  тиімді  ықпал  ету  мен  азаматтық  қоғам  институттарының рөлін күшейту ар­қылы тұрғындардың қоғамдық өтініштеріне дер кезінде үн қату  жүйесін  жетілдіру,  кері  байланыстың  озық тәжірибесін  дамы­та отырып, қоғамды кеңінен тарту деңгейін арттыру және консультативті-кеңестік тұғырнаманы жетілдіру.

 «Ақшам-ақпарат».

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *