«ҚОҒАМ ЖӘНЕ ЖАСТАР»

ауданда еркін форматта өткен жиын осы тақырып аясында өрбіді

«Болашақтың қайнар көзі – жастарда», – деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев әрдайым жастарға сенім артып келеді. Осы тұрғыда «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалы аудан жастарына көп көңіл бөліп, қолдау көрсетіп келеді. «Жас Отан» партиялық жобасы аясында  аудан жастарымен бірге көптеген жұмыстар атқарылуда.

«Нұр Отан» партиясының тың жаңа жобаларының бірі, ол – барлық жастар ұйымдарын «Жас Отан» ЖҚ-ның айналасына шоғырландыру болатын. Осы мақсатты «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиа­лының консультанты Қордай Есенбай  Алатау ауданында орналасқан «Almaty Zhastary» жастар орталығының жұмыс жағдайымен танысып, аудан жастарымен «Қоғам және жастар» тақыры­бында еркін форматта кездесу өткізіп қайтқан болатын. Кез­десуге сонымен қатар, Л.Б.Гон­чаров атындағы Қазақ автомо­биль-жол академиясының про­рек­торы Бекбол Рамазан  қатыс­ты. Кездесуді Алатау ауданы «Almaty Zhastary» жастар орталы­ғының төрағасы Бақтияр Бақыт­келдіұлы жүргізді.

Бақтияр Бақыткелдіұлы алдымен аталмыш орталықтың жұмыс жағдайымен таныстырып, сол орталықтың жастар үшін берілген мүмкіндіктері жайлы айтып өтті. «Жастар саясатының» қолдауымен құрылған бұл орта­лықта аудан жастарының тегін білім алуына, спорт түрлерімен шұғылдануына,  түрлі үйірме­лерге қатысуына және көптеген кеңестер алуына үлкен мүм­кіндіктер жасалған.

Кездесу барысында Қордай Сансызбайұлы аудан жастарына қазіргі таңдағы «Нұр Отан» партиясының қызметі мен мақ­саты жайлы айтып, партияның жобалары және сол жобалардың жастар үшін қандай маңызы бар екендігін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, партия тарапынан жастар үшін үнемі қолдау көрсеті­летіндігін айтып, оларды әрқашан белсенді болуға шақырды.

Сөз алған Бекбол Батыр­жанұлы жастарға өзінің шет елде алып келген білім тәжірибесімен бөлісіп, мотивациялық қолдау көрсетті. Жастарды білімді, саналы, халқына жанашыр болуға шақырды. Өзі қызмет ететін білім ордасының есігі жастар үшін әрдайым ашық екенін айтып, қолдау көрсететінін жеткізді.

Кездесу соңына қарай қатысушы жастар өзара пікір алмасты. Келген қонақтарға сұрақтарын қойып, өздерінің ұсыныстарын білдірді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *