Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: Еуразияның қақ ортасында салынған жаңа астананың модернизациялық миссиясы мол

Нұр-Сұлтан – мемлекеттілігіміздің  басты діңгегі, Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі!

Қазақ халқы үшін  қасиетті  құндылық.

Еліміздің саяси-әкімшілік, экономикалық, әлеуметтік, қаржылық,  білім мен ғылым, мәдени-рухани орталығы.

Бүгін – тәуелсіз еліміздің шынайы бет-бейнесіне, халқымыздың мақтанышына айналған арман қала, Ұлы Дала елінің астанасы, Елордамыз – Нұр-Сұлтанның туған күні!   Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпыұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің  тәуелсіздігінің символына айналды.

Жақында ғана Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың ресми сайты ашылды. Сайт  материал­дары – егемендігімізді еншілеп, тәуелсізді­гіміздің негізін қалауға, тиімді экономи­каны қалыптас­тыруға, үйлесімді қоғам құруға және ұлт тари­хының жаңа кезеңіндегі ел дам­уының басым­дықтарын анықтауға бағытталған көпқырлы Елбасы қызметі  туралы деректердің  мазмұны мен мәні – Қазақстанның Тұңғыш Президентін қазіргі мемлекеттігіміздің негізін қалаушы әрі ұлттың нағыз көшбасшысы ретінде мойындау үшін салмақты дәлел бола алады.

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, әл-Фараби атындағы Қазақ  ұлттық университетінің про­фессоры, тарих ғылымының докторы, «Алматы ақшамының» тұрақты авторы әрі жанашыры Берекет КӘРІБАЕВ  жазғандай, «кем дегенде үш мың жылдық тарихы бар қазақ мемлекеттігі тарихында елорда міндетін Қазақстанның әр аймағында орналасқан жиырмаға жуық қалалар атқарған екен.  Тек қана XX ғасырдың өзінде Орын­бор, Қызылорда, Алматы қалаларының елорда болғаны баршаға аян. Кеңестік Қазақ­станның дамуында бұл аталған үш елорда өз мін­деттерін атқара алды, ел дамуында өз қолтаңбасы мен ізін тарихи тұрғыда қалдыра алды.  Қазіргі заман тарихының тәуелсіздік кезеңі деп аталатын 30 жылдай уақыты ішіндегі  Қазақ Елінің қол жеткізген жетістігінің басым бөлігі қазіргі елордамыз, географиялық жағынан алғанда Қазақ Елінің орталық бөлігінде орын тепкен – Нұр-Сұлтан қаласының атауымен тікелей бай­ланысты».

Біз бүгін барша қазақстан­дықтарды, отан­дастарымызды  астанамыздың төл мере­кесімен құттықтай отырып, Нұр-Сұлтан қаласының даму жолындағы  бірқатар тарихи деректерді және бір саралап  көрейік.

Шаһар шежіресі

Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешім Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінде

1994 жылы 6 шілдеде қабылданды.

Астананы ресми көшіру 1997 жылғы

10 желтоқсанда жүзеге асты.

1998 жылғы 6 мамырда Президент  Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді.

Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.

1999 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Қазақстан астанасы  «Бейбітшілік қаласы» атағына ие болды.

2000 жылдан бері Қазақстанның басты қаласы астаналар мен ірі қалалардың Халықаралық Ассамблеясының мүшесі болып табылады.

2019 жылғы 23 наурызда Қазақстан Республикасының  Президенті  Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Жарлығымен Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы – Нұр-Сұлтан қаласы деп  аталды.

Біздің дәйектеме:

2019 жылғы 23 наурызда Мемлекетіміздің  басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік  қызметке кірісуіне орай Парламент палаталарының бірлескен отырысында сөз  сөйледі.  Ол  егемен елімізді қалыптастырудағы және өркендетудегі, сондай-ақ мемлекетіміздің жаңа астанасын  тұрғызудағы  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сіңірген зор еңбегін жоғары бағалады. «Бүгінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әлем тарихына аса көрнекті реформатор ретінде енді. Ол Қазақстанды дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылған заманауи әрі озық мемлекетке айналдыра білді. Оның экономикалық және саяси реформалары мемлекеттік сындарлы саясаттың символы болды», – дей келе,  Қасым-Жомарт Тоқаев  жаңа астананың  бой көтеруіне Тұңғыш Президенттің сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.  Арқа төсіндегі Бас қаланың  құрылысы Елбасының тарихи ерлігі саналатынын, Елорда  тәуелсіз еліміздің шынайы бет-бейнесіне, халқымыздың мақтанышына айналғанын, ол жаңа мемлекеттің идеологиясы ретінде киелі ұғымға ие болғанын,  күллі әлемге Қазақстанның жаңа бейнесін паш еткенін  тілге тиек етті. Ел  астанасы  оны құру идеясының авторының есімімен – Нұр-Сұлтан қаласы  деп аталуы тиіс деп тұжырымдалды. Еліміздің парламентарийлерінің  сонау 2016 жылғы 23 қарашада, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай қабылданған Декларацияда  ұсынған идеясы  осылайша қайта жаңғырып, жалпыхалықтық үрдіске ұласып, қолдау тапты. Нұрсұлтан Назарбаевтың даңқты қызметі мен тарихи еңбегі әділ бағаланып, оған  лайықты құрмет көрсетілді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *