«НҰРЛЫ ЖОЛДЫ» ОРЫНДАУШЫ «НҰР ОТАН»

Елбасы мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуын «Нұр Отанға» жүктеді

ҚР Президенті «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жыл сайын Қазақстан халқына Жолдау арнайды. Елбасының соңғы Жолдауы негізінде Қазақстан халқының әлеуметтік ертеңі мен мемлекеттің экономикалық болашағын айқындаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы жасалды. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын көрсетіп, әлемдік дағдарыстан өту жолдарын белгілеген Жолдау бұл жолы «Нұр Отан» партиясының мінберінен жасалды.

Астанада «Нұр Отан» партиясының саяси кеңесінде Қазақстан халқына бағытталған Президент Жолдауын бірінші болып Елбасы аузынан естігендер де нұротандықтар. Елбасының құрылғанына 15 жыл толып, бүгінде нағыз халықтық партияға айналған «Нұр Отанның» мінберінен өз Жолдауын жасауы тегін емес. Бүгінгі таңда «Нұр Отан» ел әл-ауқатын көтеру, мемлекеттің экономикасын дамыту, Қазақстан халқының бірлігі мен татулығын нығайту бағытында жасалған мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуының бастаушысы.

Президент «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасының да өміршең, нәтижелі болуын «Нұр Отанға» тапсырды. Шын мәніндегі халық партиясы сол халық үшін жасалған бағдарламаның жүзеге асуына жауапты болуы заңдылық. Және де бұл партиялық комиссиясы тұрақты жұмыс атқаратын, Қазақстанда жасалып жатқан ауқымды жұмыстардың барлығында дерлік партиялық бақылау бекеттері бар, қарапайым халық әділдік іздеп күнделікті есігін ашатын «Нұр Отанның» қолынан келетініне сенімділік бар.

Бүгінде «Нұр Отан» халық сенімін арқалаған, елдің ертеңі үшін жұмыс атқарған бірден-бір партия қатарында миллиондаған мүшесі бар, Үкімет пен жоғары заң шығарушы органдар – Парламент мәжілісі мен Сенатының негізгі фракциясы болуы осының дәлелі. Қазақстанның ең үлкен мегаполисі – Алматы қаласында да «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалы жұмыс істейді. Сегіз ауданы бар алып шаһардың партия филиалында алпыс мыңнан астам партия мүшесі бар. Алматы қалалық мәслихатының 36 депутатының 34-і – «Нұр Отан» мүшелері.

Жалпы, Қазақстан халқының ең белсенді де сауатты бөлігін топтастырып, көшбасшы болып отыр, «Нұр Отан» партиясы. Бірлігі мен татулығы мығым, Қазақстан халқы болашақ жолында талай белесті бағындырары сөзсіз. Ел ертеңі үшін жасалған Президент Жолдауының, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасының бастамасында «Нұр Отан» партиясы тұр.

Әділмырза МАРАЛОВ,

Алматы қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» фракциясының жетекшісі.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *