«Нұр-Сұлтандықтар» бір-бірін тегін тасып жүр

ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен бейсенбіден бастап «Ізгі қала тұрғындары» қайырымдылық челленджі басталған болатын.

Ел астанасындағы ауа райының қолайсыздығына орай басталған игі шара аясында Елорда мешіттерінің қызмет­керлері мен жамағаты «Тегін такси» қызметін ұсынып, жолда қалған жүргіншілерді тегін тасымалдауға кіріскен болатын.

Игі шараға атсалысамын деушілердің қатары қасиетті жұма күні тіптен арта түсті. Жұма намазы басталмай тұрып, респбуликалық «Әзірет Сұлтан» мешіті жанынан 18 ерікті көліктеріне арнайы белгі қағаздарын жапсырып, сауапты істі бастап та кетті.

ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы қайырымдылық акциясына құлшына кіріскен мешіт жамағаты мен қызметкерлеріне өз ризашылығын білдіріп, «Ізгі қала тұрғындары» челленджін қызу қолдауға шақырды. Бұл қайырымдылық шарасы 12 мешіт бойынша бірдей өткізіліп жатқанын атап өткен бас имам қала тұрғындарын осындай қиын шақтарда мейірімді болуға үндеді.

 

Бетті дайындаған – Әсел ДАҒЖАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *