«Нұр Отан» партиясы Алматы филиалы төрағасының бірінші орынбасары тағайындалды

«Нұр Отан» партиясы Алматы филиалы төрағасының бірінші орынбасары болып Станислав Канкуров  бекітілді. Ол Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалған Жұлдыз Омарбекованың орнына келді.

Станислав Канкуров 1985 жылы Алматы облысында туған. Ломоносов атындағы ММУ «Стратегиялық менеджмент», Қонаев атындағы университетті «Юриспруденция» мамандықтары бойынша  бітірген. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

«Нұр Отан» партиясында 7 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді. Аудандық бөлімнен қалалық филиалға дейінгі жолдан өтті. Соңғы бірнеше жыл ішінде қалалық филиал төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Партияның Қоғамдық кеңесі қалалық  Бюросының отырысында Алматы әкімі Бауыржан Байбек Жұлдыз Омарбековаға атқарған жемісті  жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа басшылықтың алдына принциптілік пен жүйелілікті қажет ететін бірқатар  кезек күттірмейтін міндеттер қойды. Олардың негізгілері –  партияның қоғамдық қабылдауын модернизациялау, депутаттық фракция мен «Жас Отан» жастар қанатының  жұмысын  күшейту.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *