МЕГАПОЛИС МАҢЫНДАҒЫ АУДАНДАР ЭЛЕКТР ЭНЕРГИЯСЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ

«Алатау Жарық Компаниясы» бұл стратегиялық мәселені шешті

Алматы облысының Қарасай және Жамбыл аудандарын, сондай-ақ Алматы қаласының батыс аймағын электр энергиясымен қамтамасыз ету мәселелері шешілді. Алматы облысының Қарасай ауданындағы Батан ауылында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-ның еншілес құрылымдары Алматы облысының әкімдігімен бірлесіп ең заманауи энергетика нысаны – «Қаскелең» қосалқы станциясын іске қосты. 

Нұрлан СҮЙІН

Мегаполиске жақын екі ауданды, Алма­­тының батыс аймағын қамтитын қо­сал­қы станцияның ашылу рәсіміне «Самұ­рық-Қазына» қорының Басқарма төр­ағасы Ахметжан Есімов пен Алматы облысының әкімі Амандық Баталов қатысты.

«Қаскелең» қосалқы станциясының құрылысы «Өңірлерді дамыту—2020» бағдар­­ламасы аясында Алматы облысы әкімді­гінің және «Алатау Жарық Компа­ниясы» АҚ қаражаты есебінен жүзеге асы­рылды. Нысанның құны 4,73 млрд. теңгені құрады.

– 12 жыл ішінде өңірді энергиямен қамтамасыз ету жағдайы түбегейлі өзгерді. Егер 2008 жылы біз әкімшілікте Алма­тыда­ғы электр энергиясының өшу мәсе­лесін шешсек, қазір «Самұрық-Энерго» салып жатқан нысандар облыс пен қаланың даму келешегіне де бағытталған. Бүгін біз Алматы агломерациясының энергетикалық қауіпсіздігі мәселесі шешілді деп сенімді айта аламыз, – деді Ахметжан Есімов.

Қуаты 250 МВА болатын жаңғыр­тыл­ған «Қаскелең» қосалқы станциясы Алма­ты облысының Қарасай және Жамбыл аудандарының, Алматы қаласы­ның батыс аймағындағы тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз ететін болады.

Бүгінгі таңда қосалқы станция 6 мың­нан астам жеке және 400-ден астам заңды тұлғаларға қызмет көрсете бастады. 2030 жыл­ға дейін 50 мыңнан астам жеке тұлғаларға және 4 мыңнан астам заңды тұлғаларға, сон­дай-ақ «Көкөзек» индус­триалды айма­ғының тұтынушыларына қызмет көрсету жоспарланып отыр.

– Алматы облысының жалпы өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі 2019 жылдың соңына қарай 1 трлн. теңгеге жетті. Оның ішінде Алматы қаласына шекаралас аудан­дардың арқасында ірі кәсіпорындар мен өндірістік нысандары орналасқан. Бұдан әрі табысты жұмыс істеу үшін аймақты электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету қажет, – деді Амандық Баталов.

Бүгінгі таңда күннен-күнге көлемі ұлғайып, тұтынушылар саны артып отыр­ған Алматы агломерациясында электр энер­гиясымен қамту стратегиялық мәселе. Елдің ішкі имиграциясының есебінен және әлеуметтік жағдайы, жұмыс табу мәселесі біршама тәуір мегаполиске жақын қоныс­тану халық үшін қалыпты жағдайға айнал­ған бүгінде. Бұған қоса, Алматы қаласы­ның стратегиялық даму бағдарламасына сәйкес, мегаполистің батысында  өндірістік «Индустриалды аймақ» бой көтеруде. Онда заманауи зауыттар, өндіріс орындары ашылуда. «Қаскелең» қосалқы станциясы қала маңындағы қос ауданмен қатар мегаполистің өндірістік батыс аймағына түсетін энергетикалық «жүкті» жеңілдетуге көмек болады. Бұл жөнінде «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Мұхит Үмбетов айтып берді.

– «Қаскелең» қосалқы станциясының іске қосылуының маңызы аса зор. Бұл Ахметжан Смағұлұлы айтып өткендей, аймақтың энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Мысалы, бұған дейінгі жұмыс істеп тұрған қосалқы станциялар Қарасай, Жамбыл аудандарын қамтамасыз еткенмен тұтынушылар саны күн санап өсіп отыр. Кей жерлерде электр қуатының жетісбеушілігі бар болатын. Бұған қоса аймақта жаңа елді-мекендер бой көтеруде. Осыған орай «Самұрық-Қазынаның» қолдауымен «АЖК» компаниясы Алматы облысы әкімдігімен бірлесіп осы жобаны қолға алғанбыз, бүгін нәтижесін көріп отырмыз. Бүгін жұмысын бастаған «Қаскелең» қосалқы станциясы алдағы уақытта қос ауданмен бірге мегаполистің өндірістік батыс аймағын да электр энергиясымен қамтамасыз ететін болады, – дейді  «АЖК» АҚ басшысы С.Үмбетов.

Бүгінде қарқындап дамып отырған  Ал­ма­ты агломерациясында аймақтың энер­гетикалық мәселесі осылай шешіліп отыр.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы – дара акцио­нері Қазақстан Республикасының Үкіметі болып табылатын қор. Қор 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылған және ол коммер­циялық құрылым – инвестициялық хол­динг саналады. Оның миссиясы – Қазақ­стан Республикасының ұлттық әл-ауқа­тын көтеру және ұлттық экономи­каны жаңғыртуға қолдау көрсету. «Самұ­рық-Қазына» өз миссиясын қоржындық компа­ниялардың ұзақ мерзімдік құны мен тұрақ­ты дамуын арттыру үшін оларды тиімді басқару арқылы, сондай-ақ, ұлттық эко­номиканың басым секторларының дамуы­на каталитикалық инвестиция салу арқы­лы жүзеге асырады. Қор активі шамамен 68 млрд. долларды құрайды. «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобына мұнай-газ және көлік-логистика секторларының, химия және атом өнеркә­сіптерінің, тау-кен кешендерінің, энерге­тика, машина құрастыру және жылжы­майтын мүлік салаларының кәсіпорындары кіреді.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *