Маралтайдың «Көңіл көктемі»

Жұма күні Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық аспаптар музейінде ақын Маралтай Райымбекұлының «Көңіл көктемі» атты жыр кеші өтті.

Шығармашылық сырласу сипатындағы әдеби-сазды басқосудың мазмұнды да әсерлі өткені сондай, екі жарым сағатқа созылған кеш аяқталған соң да ешкімнің кеткісі келмеді. Арқалы ақынның өлеңін тыңдауға келген көрермен қауымның залға сыймағандары есік аузында сығылысып тұрды. Ақын жырларын оның өзінен бөлек, перзенттері – Жұматай Маралтайұлы, Арнұр Маралтайқызы, сондай-ақ Тайлан есімді дарынды балақай да шабыттана оқыды. Маралтай ақынның жаңа ұжымы – ҚР Мемлекеттік ұлттық Кітап палатасы, оның директоры, жазушы Әлібек Асқаров кеш иесін құттықтап, енді кіріскен қызметінде жетістіктерге жетуіне тілектестік білдірді.

Кеш соңында Маралтай Райымбекұлын Алматы қаласы әкімдігі мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Данияр Алиев арнайы  құттықтап, сый-сияпат табыс етті. Ақын өлеңдеріне жазылған әндерді Қадырғали Көбентай, Ершат Қайырхан және Еркін Шүкіман орындады. Кешті жүргізген өнертанушы, жыршы Берік Жүсіп ақын мен оның туған жері, өскен ортасы, қалыптасу кезеңі, ұлағаттты ұстаздары туралы мол мағлұмат беріп, өлең арасын өрелі әңгімемен жалғап отырды.

 

С.ӘБДІҒАППАРҰЛЫ.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *