Маңызды міндеттерінің бірі — жәндіктермен күрес

Әлемнің көптеген дамыған мемлекеттерінде қоғамдық денсаулық сақтау қызметі табысты жұмыс істейді. Олардың міндеті — денсаулықты сақтау мен жақсарту, өмірді ұзарту үшін аурудың алдын алу бойынша тиімді және қол жетімді механизмдерді өндіріске енгізу болып табылады.
Кенелердің шығуы, шабуыл жасауы, сәуір айында басталып, қыркүйек айында аяқталады. Жазда кенелердің жоғары биологиялық белсенділігі байқалады. Жұқпалы аурулардың таралу механизмін бұзу бағытындағы негізгі шаралардың бірі — дезинсекция мен дератизация болып табылады.
Алматы қаласында көктем шыққан кезде акарицидтік өңдеу 2 кезеңмен жүргізіледі. Әуезов ауданы бойынша кенеге қарсы өңдеу жүргізуге жататын аумақ көлемі — 17,970 гектар. Бұл кезеңде қаланың барлық саябақтары, гүлбақтары, қондырылған жасыл шөп төсеніштері өңделеді. Өкінішке орай, заманауи технологиясы алға кеткен ғасырда адам өз тұрмысында осы зиянкестерді жою тәсілін әзірге ойлап таба қойған жоқ.
Жұрттың бәріне белгілі, кеміргіш тышқандар және егеуқұйрықтар көптеген сүтқоректілер класының өкілдеріне жатады. Кеміргіштердің егеуқұйрықтардан айырмашылығы — жүздеген жылдардан бері адамдардың өмір-тұрмыстық қалдықтарымен қоректене отырып, адамдардың дәл жанында, бірге өмір сүріп келеді. Егеуқұйрықтар қоршаған ортаға бейімделуі мен жанкештілігі бойынша әлемде барлық жануарлардың алдында екен.
Дератизация жүргізу — індетке қарсы міндетті санитарлық-эпидемиологиялық шаралар кешенінің бір бөлігі болып табылады. Бұл кеміргіштерді жою немесе санын азайтуға бағытталған аулау және алдын-алу жүйесі. Осыған байланысты Алматы қаласының аумағында зоонозды және карантинді инфекциялардың алдын алу мақсатында жыл сайын жаппай дератизациялаудың 2 кезеңі жүргізіледі. Дератизациялау кезінде қоқыс үйінділері, ашық аумақтар, контейнер алаңдары, арық желілері, құдықтар, ашық аспан астындағы су-суаттарының жағалаулары өңделеді.
Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің маңызды міндеттерінің бірі — дезинсекция мен дератизация шараларының сапалы жүргізілуіне бақылау жасау.
Кеміргіштерді аулау, қандалалар, бүргелер, масалар, кенелер сияқты паразиттерді жою жұмыстарының түр-түрін атқару жұмысымен арнайы лицензиясы бар фирмалар айналысады. Әуезов ауданы бойынша есепті 2017-2018 жылдар кезеңінде барлығы 25808 гектар, оның ішінде 1716 гектар жабық және 864,8 гектар жартылай жабық биотоптар өңделді. Жекеменшік үйлердің 6854 иесіне (әр үйге 350 грамм пакеттегі) дайын уыттар таратылды.
Осылайша халықтың саламаттығына бақылау мен қадағалау жүргізу қаншалықты маңызды екені өзінен-өзі түсінікті. Дегенмен, барлығымыз да табиғат ресурстарының, өзіміз жұтып отырған ауаның экологиялық жағдайын көзімізбен көріп отырмыз. Мезгіл-мезгіл сібір жарасы, аусыл, сіреспе секілді жаман аурулар шығып қалып жатады. Топырақ құрамын нитраттар жайлап алған. Соған қарамастан, Қоғамдық денсаулық сақтау қызметінің араласуының арқасында әр түрлі індеттерден сақтануға болады. Тәжірибе көрсеткендей, халықтың саламаттығы үшін бұл қызметтің маңызы аса зор.
И.В.ТЕН,
Әуезов аудандық қоғамдық
денсаулық сақтау басқармасының
басшысы.