«Мәжбүрлеуші мәдениет»

Жапон әйелдері ерлерге сыйға тартатын дәстүрлі мәмпәсиден әулие Валентин күні қарсаңында бір кісідей бас тартты. Әу баста кекету, боқтық сөзден құтылу үшін өмірге келген бұл дәстүр – мәмпәси үшін мыңдаған иен шығындалуға тура келеді.

Жапонияда бұл дәстүр «міндетті түрде тапсыры­латын мәмпәси» деп ата­лады. Бұл дәстүр 14 ақ­панда жүзеге асуы тиіс. Ал ерлер болса 14 наурыз күні қа­рымта сыйлық жасайды. Ол Ақ күн деп аталады. Алай­да, бұл күн оны өндіру­ші­лердің айтуын­ша, мәм­пәсидің бағасын көтеру үшін жасалады.

«Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген. Дейтұр­ған­мен, көптеген жапондықтар үшін бұл шара көңіл көтеруге негіз болмай қалды. Кейбір компаниялар сыйлықтың мұндай түріне тыйым сала бастады. «Тыйым салғанға дейін бізді мәмпәсиге қанша шығын жұмсаймыз, оны кімге сыйлаймыз, кімге сыйламаймыз деген сұрақ мазалайтын. Енді ондай мәжбүрлеу мәдениеті жоқтығына қуанамыз» дейді жапон компаниясының өкілі.

 

Қ.ИМАН. 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *