МҰСЫЛМАНДЫҚТЫ ҚАБЫЛДАҒАН ОРЫС ҚЫЗЫ

2242қазақша киімді брендке айналдырды

Ұлты орыс болғанымен, Амина өзін қазақтың қызы санайды. Батыс Қазақстан өңірінде туып-өсіп өскен оның мектеп бітірген соң таңдаған мамандығы да Орал педагогикалық институтының «Қазақ тілі мен әдебиеті» факультеті еді. 

Осыдан 8 жыл бұрын Түркияға күйеуімен бірге көшіп барған ол танысқандарға өзін «қазақтың қызымын» дейді. Олардың барлығы да алғашында сеніңкіремей таңданғанымен, Аминаның үйіне бас сұққандарында барлық күмәндары сейіліп сала береді. Кірген беттен-ақ көз жауын алған қазақы ою-өрнек, әшекеймен көмкерілген Аминаның үйінен, шынында, қазақилықтың исі аңқып-ақ тұрады. Төрде – қазақ елінің Туы.

Бүгінде тігіншілікпен айналысатын Амина өз бизнесін ең алғашында бар болғаны екі жапқыш тігумен бастаған көрінеді. Бүгінде оның қолынан шыққан киімдер мұсылман қыз-келіншектер арасында брендке айналып, үлкен сұранысқа ие болуда.

Аминаның тасы өрге домалып, бизнесінің алға басуына тігіншілік өнерімен қатар, журналистік тәжірибесі де қатты көмектесті. Алғаш рет өз қолынан тіккен киімдерінің топтамасын көрсеткен кезде ол камера алдында өз-өзін қалай ұстау керектігін, мимикасы мен сезімін басқаруды, жарық пен камера алдында емін-еркін ұстауды ешкімнен сұрап жатпастан бірден іске кірісіп кетті. Аминаның алға қойған мақсаты – мұсылман қыз-келіншектерінің діни ұстанымдарына сәйкес әрі заманауи үлгіде, теледидар алдында болсын, мемлекеттік мекемеде болсын, бизнеспен немесе саясатпен айналысса да, білім ордасында яки басқа қызмет атқарса да киім үлгілері өзгелерен артық болмаса, кем түспеуі тиіс.

– Егер менің қолымнан шыққан киім үлгілері діни ұстанымға сәйкес келумен қатар, қазақ ұлтының мәдениеті мен дәстүрін паш етіп тұратын болса, мен өзімді бақытты сезінемін, – дейді дизайнер.

Сән әлемінде аты танылып үлгерген ол өз өнімдерінде жоғары сапалы маталарды пайдала­нады. Оның осыншалықты табысқа жетуінің тағы бір сыры – Амина кез келген киім үлгісін тігерде бар ынтасымен кірісетіндігінде. Осыдан да шығар, оның өнімдеріне әлемнің түкпір-түкпірінен сұраныстар түсіп жатады.

«Маған бар болғаны Muslіma Wear брендінің киімдері танымал болып, мұсылман қыз-келін­шектері қуанышқа бөленсе болғаны», – дейді Амина өзінің жұмысы жайында.

Өзінің алдағы жоспарымен бөліскен Амина Федоренко жақында Cтамбул қаласында Орта Азия халықтарының дәстүрінен сыр шертетін «Жібек жолы» сән топтамасын ұсынатындығын айтты.

(ҚМДБ сайтынан).

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *