Мәслихат депутаттығына 11 адам ұсынылды

Алматы қалалық сайлау комиссиясы брифинг өткізді

БАҚ өкілдеріне арналған брифингті Алматы қаласы аймақтық сайлау комиссиясы өткізді. Комиссия төрайымы Жанна Асанова, төрайымның орынбасары Айгүл Қалықова, комиссия хатшысы Құралай Күмісбаевалар шығып қалған депутаттардың орнына қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар тіркеу, сайлауды өткізу туралы жан-жақты ақпарат берді.

Нұрлан СҮЙІН

Шығып қалған депутаттар орнына №25, 34 және №36 сайлау округтері бойынша Алматы қалалық мәслихат депутаттары­ның 2018 жылы 28 қазанға тағайындалған сайлауын өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарына және Қазақстан Республи­касының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына сәйкес 2018 жылғы 28 тамызда басталып, 27 қыркүйекте сайлау компаниясының маңызды кезеңі – ұсынылу кезеңі аяқ­талды.

Қорытынды бойынша, депу­таттыққа 14 адам ұсынылды. Оның ішінде 3 адам «Нұр Отан» партиясынан, 11 адам өзін-өзі ұсыну жолымен.

2 қазанда күнтізбелік жоспа­рына сәйкес мәслихат депутат­тығына кандидаттарды тіркеу аяқталды.

– 5 адам өз еркімен ұсы­нылудан бас тартты, 9 кандидат тіркелді.

Сайлау алдындағы үгіт кезеңі 2018 жылдың 3 қазанында басталып, 2018 жылы 26 қазан сағат 24.00-де аяқталады.

Алматы қаласы мәслихаты­ның депутаттығына тіркелген кандидаттардың сапалық құрамы:

– 3 – әйел, 6 – ер адам;

– білім дәрежесі бойынша 7 кандидаттың да білімі жоғары: 2 кандидат техникалық; 2 кандидат экономикалық; 3 кандидат білім саласында; 2 – орта-арнаулы білімі бар;

– қызмет түрі бойынша: 4 – кәсіпкер, 2 – жеке кәсіпкер, 1 – мектеп директоры, 1 – психолог, 1 – өзін-өзі қамтушы;

– жасы бойынша: 40 жасқа дейін – 5 адам (32 және 34 жасқа дейін); 50-ден 60 жасқа дейін – 2 адам (53 және 56 жас); 60 жастан жоғары – 2 адам (61 және 66 жас). Мәслихат депутаттығына канди­даттардың орташа жасы – 44 жас;

– барлығы да Алматы қаласы­ның тұрғыны.

Сайлау комиссиясының төр­айымы Ж.Асанова алматылық сайлаушыларды белсенділікке шақырып, БАҚ өкіл­дерінің сұ­рақтарына жауап берді. Канди­даттардың ұлттық құрамы, мемлекеттік тілді білуі, әлеуметтік жағдайы, т.б. сұрақтарға жауап берді.

– Біріншіден кандидаттарды қоғам­дық ұйымдар, партиялар ұсына алады және олардың өзін-өзі ұсыну құқықтары бар. Бұл жағдайда олардың ұлтына, жынысына, біліміне, қызметіне шектеу қойылмайды. Яғни 18 жасқа толған, ҚР кез-келген азаматы ұсыныла алады. Және олардың жұмыс істеуі, тұрақты тіркеуі болуы міндетті емес.

Ал мемлекеттік тілді білу талабына келсек, ондай талап тек ҚР Президент­тігіне кандидаттар­ға және ҚР Мәжіліс депутат­тығына кандидаттарға қойылады. Жергілікті мәслихаттарға сайла­натын азаматтарға ондай талап қойылмайды, – деді Алматы қалалық сайлау комиссия­сының төрайымы.

Алматы қаласының №25, 34, 36 сайлау округтерінде қалалық мәслихатқа депутат сайлауы 28 қазанда өтеді.

 

Үміткер сайлаушылармен кездесті

 Жетісу ауданындағы №108 жалпы білім беретін мектепте 25 округ бойынша қалалық мәслихатқа қандидат Асхат Шілікбаев өз сайлаушыларымен кездесті.

 Рая ЕСКЕНДІР

Алдымен 25 округ тұрғындарына Алматы қалалық мәслихат депутат­тарының 28 қазанға тағайындалып отырған сайлауын өткізу жөніндегі ақпараттар түсіндірілді. Сайлау додасына «Нұр Отан» партиясы атынан түсіп отырған үміткер өзінің сай­лауалды бағдарламасымен таныстырды. «Егер депутаттыққа өте қалсам» деген үміткер тұрғындардың өзіне аманат етіп тапсырып отырған тапсыр­маларын орындайтынын айтып, уәдесін берді. Басқа да сауалдарға жауап берді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *