Мұхит ҮМБЕТОВ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ басқарма төрағасы: «ЭЛЕКТР ҚУАТЫ БОЛМАҒАН ЖЕРДЕ ДАМУ ЖОҚ»

Ертең, 22-ші желтоқсанэнергетиктер күні.  Энергетик жұмысының маңыздылығына баға жетпейді. Олардың еңбектерінің арқасында тұрғындардың үйлері жайлы да жарық, ұйымдар мен мекемелер қалыпты қызмет етеді.

Мереке қарсаңында ел өмірінде айрықша маңызы бар саланың тізгінін ұстап отырған «Алатау Жарық Компаниясының» АҚ басқарма төрағасы Мұхит ҮМБЕТОВПЕН сұхбаттасқан едік.

 — Мұхит Әбікенұлы, келе жатқан кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!

— Рахмет! Электр қуаты – көзге көрінбейтін күш болғандықтан, бұл ерекше сақтықты қажет ететін мамандық қой.

Ел дамуының темірқазығы тікелей энергетикаға байланысты болғандықтан, оның тұрақты дамуына, жаңа технологияларды енгізуге және жоғары кәсіптік мамандардың еңбек жағдайын жасауға аса көңіл бөліп келеміз.

Бүгінде «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ – Алматы қаласы мен облысының 2,5 миллионнан астам тұрғынын электр энергиясымен қамтамасыз етіп отырған, сондай-ақ өндірістік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге және ауыл шаруашылығы қожалықтарына қуат көзін жеткізумен, таратумен айналысатын республика оңтүстігіндегі ең ірі энергетикалық жүйе. Сонымен қатар, «АЖК» АҚ Орталық Азияның біртұтас энергетикалық жүйесіндегі Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты көршілес елдердегі электр қуаты сала­сындағы алпауыт компа­ниялардың сенімді серіктесі. Осы нарықта жетекші компания болып отырғанының өзі мекеменің электр қуаты сапалы және бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді. Жалпы, компанияның электр тасымалдаушы желісінің ұзындығы 29 мың шақырымнан асады. Ал трансформаторлы қосалқы стансалардың саны жеті мыңға жуықтайды.

Бүгінде  «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ  Алматы қаласы әкімдігінің басқармаларымен бірлесе, жергілікті бюджет есебінен салынған құны 51,5 млрд. теңге болатын  электр желілерінің активтерін  компания балансына алу  жұмыстарын жүргізуде. Оның ішінде «Ақкент» (1, 2, 3), «Алғабас», «Ақбұлақ», «Думан», «Атырау» (1, 2, 3), «ҚазПАС», «Айша бибі», «Қарасу» ықшамаудандарын, қайтадан салынған  тұрғын үй кешендерін және тағы басқа да нысандарды  электр желісімен қамтамасыз етуге арналған:

6 дана – ПС;

321 дана – ТП/РП;

1383,48 шақырымдық  0,4-220кВ.ЛЭП  бар.

Сонымен қатар, Алматы қаласындағы иесі анықталмаған электр жүйелерін (барлығы – 544 нысан,  олардың ішінде 758,3 шақырымдық  0,4-10кВ  ЛЭП, 99 дана ТП/РП) бар. Осыларды екі кезеңмен «АЖК» АҚ  балансына алу  бойынша жұмыстар жүргізілуде. Күн санап аумағы үлкейіп келе жатқан Алматыда электр қуатына деген сұраныс та еселеп артып отыр. Осы жылдың бірінші маусымының қорытындысы бо­йынша, былтырғымен салыстырғанда тұтынушылық қызмет те біршама ұлғайған. Осыдан 10 – 15 жылдың алдында алматылықтар апаттық жағдайларда жарықты кезек-кезегімен сөндіріп, сағаттап жарықсыз отыруға мәжбүр болатын. Бір қуантарлығы, қалада мұндай проблема қазір жоқ.

  • Бұл жыл энергетика саласы үшін, оның ішінде еліміздегі ең ірі энергетикалық компаниясы үшін табысты жыл бола алды ма? «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ның қандай қомақты жетістіктері бар?
  • Жалпы, өңір халқын жарықтан тарықтырмау оңай шаруа емес. Жауапкершілік пен тәулік бойы тынымсыз жұмысты қажет етеді. Ауқымды шаруалар атқарылды.  Алматының Түрксіб ауданында жабық пішіндегі жаңа қосалқы станса іске қосылды. Оның ерекшілігі, Алматы қаласын электрмен қамтамасыз ету белдеуінің толықтай іске асыруға мүмкіндік беріп отыр.

«Жас қанат» қосалқы стансасы Түр­ксіб ауданының  «Жас қанат»  және «Қайрат» ықшамаудандарын тұрақты және сапалы электрмен қам­тып отыр. Айта кетерлік, қала тұрғындарының жағдайын жақсарту мақсатында  Алматы әкімдігі және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ тікелей  атсалысуымен 1986 жылдан бері жұмыс істеп келген «Таулы қырат» торабы аумақта лай көшкіні болған жағдайда, оның қирау қаупі басым болғандықтан оны жаңа «Ерменсай» 220/110/10-10 кВ №160А қосалқы стансасына ауыстыру туралы шешім қабылданған болатын. Биыл «Ерменсай» қосалқы стансасына жүктемені ауыстыру жұмыстары толығымен аяқталды.

Бүгінгі таңда Дүниежүзілік банктің жүргізіп жатқан «Doіng Busіness» рейтингісінде электрмен жабдықтау жүйелеріне қосылу индикаторы бойынша Қазақстан жақсы жетістіктер көрсетуде. 2019 жылдың қорытындысы бойынша тоғыз позицияға көтеріліп, 67 орынға тұрақтадық. Ол дегеніміз – бизнестің алға басуы мен сапасын арттыруға ықпал етеді.  Кәсіпкерлер өз бизнесін ашқанда сапалы электр энергиясына тез әрі оңай қосыла алады. Бұл ретте кәсіпкерлер ғана емес, барлық тұ­тынушыларға тиісті жағдай жасалып келеді. Электрмен жабдықтау желі­леріне қосылуға арналған техникалық шарттарды беру, энергия таратушы ұйымдар мен тұтынушылардың жобалық шешімдерін келісу, энергиямен жабдықтаушы ұйым мен электрмен жабдықтауға арналған шарт жасасу мерзімдері айтарлықтай қысқарды.

Мәселен, тұтынушылар енді техникалық шарттарды он төрт күнде емес, бес күн ішінде алатын болды. Сонымен біздің компанияда техникалық шартты дайындау толық цифрландырылды деуге болады.

«Алатау Жарық Компаниясының» басты мақсаты – дүниежүзілік банктің «Doіng Busіness» рейтингінде жоғары нәтиже көрсетіп, тұтынушылардың біздің желілерге қосылуын тез әрі сапалы орындау болып табылады. Міне, осылайша мамандар тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамасыз етуде қағазбастылық үдерісін айтарлықтай қысқартып келеді. Осы жұмыстардың бәрі заманға сай ақпараттық технологияларды жан-жақты және үйлесімді пайдаланудың арқасында жүзеге асып отыр.

  • Мұхит Әбікенұлы, бүгінде тұтынушылардың электр қуатына қосылу тәртібі біршама жеңілдетілген көрінеді.

–                   Тұтынушыға электр желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды онлайн тәртібінде ғаламтор арқылы алуға мүмкіндік бар. Ол үшін тұтынушының электронды цифрлық қолтаңбасы болуы қажет. Яғни әрбір тұтынушы үйден шықпай-ақ өз өтінішін ғаламтор арқылы жолдап, қысқа уақыт ішінде техникалық шарт алуына болады.  Өткен жылы аталған жүйені тұтынушыларымыздың 60 пайызы пайдаланыпты.  Сонымен қатар, бұл туралы толық ақпаратты  www.azhk.kz сайтынан білуге болады.

Бұдан өзге, Алматыда электр энергиясын коммерциялық есептеудің автоматтандырылған жүйесі енгізілуде. Жаңа жүйе бізге әр есептеуіштегі көрсеткішті білуге мүмкіндік береді. Заманауи электр жүйесінде бәрі бірыңғай болуы шарт. Сол үшін біз электр желілері мен есептеуіштерді, трансформаторларды жаңалап, қосалқы стансаларды заманға лайық­тап салып жатырмыз. Бұл жүйе электр қуатын есептеудің нақ­тылығын арттырып, шығындарды төмендетуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, бұл компания қызметкерінің электр қуатын тұтыну бойынша нақты мәлімет алуын қамтамасыз етеді.  Қазір бұрынғыдай емес, электр қуатын ұрлау азайды десек те болады. Соған қара­мастан, электр қуатын тұтынушыға жеткізуде артық ысырапты да болдырмауға жүйелі жұмыс жасаудамыз.

  • Жоғарыда аталған қыруар шаруаларды атқару үшін білікті мамандар қажет екені белгілі.
  • Дұрыс айтасыз. Кәсіби шеберлікті шыңдау қай мамандықта болмасын аса қажет. Біз де мамандардың біліктілігін арттырып, өз ісінің хас шебері атануына үнемі көңіл бөліп отырамыз. Айта кетерлік, компания мамандарынан құрылған команда ТМД елдерінде ұйымдастырылып отыратын кәсіби жарыстарға жиі қатысады. Биыл біз ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің энергетика саласындағы 16-шы халықаралық жарыста 1-ші орынды иелендік. Сонымен қатар, Ақтау қаласында республикалық кәсіби жарыста да «Алатау Жарық компаниясының» командасы жеңімпаз атанып, 11-ші рет қатарынан темір тұлпарды тізгіндеп қайтты. Осындай халықаралық және республикалық додаларда компаниямыздың намысын қорғап жүрген асыл әріптестерімізге мың алғыс.   

Біздің мекемеде ізімізді басып келе жатқан жастарымыз да аз емес. Солардың ішінде басшылық қызметте жүргендері де жетерлік. Үлкендердің өмірлік тәжірибесі – жас мамандар үшін маңызды сабақ. Біздің бүгінгі қол жеткізген жетістіктерімізге ардагерлеріміздің де үлесі зор.

Энергетика саласының маманы болу әркез жауапкершілікті, үлкен қажыр-қайрат пен біліктілікті талап етеді. Қазір еңбек демалысындағы ардагерлердің осы салада жиғаны өте көп. Кейінгі буынға берері мол болғандықтан, әркез көрген-білгені мен түйгенін жастармен бөлісуге даяр тұрады. Сондықтан, олардың бай тәжірибесін орнымен пайдалансақ, ұтылмайтынымыз анық.

  • Төл мерекелеріңіздің қарсаңында әріптестеріңізге не тілейсіз?
  • Тәуелсіз Қазақстанның келешегі үшін тынбай еңбек етіп жүрген әріптестеріме мереке қарсаңында дендеріне тек күш-қуат, отбасыларына береке-бірлік, қызметте биіктік тілеймін. Әріптестеріме шыдамдылық та артық етпейді. Иә, жұмысымыз оңай емес. Кейде уақытпен санаспай, жұмыс істейтін кездер болады.

Біздің міндетіміз – ел үмі­тін ақ­тау, оларға қолайсыздық тудыр­­мау. Оның бәрі техникалық, эконо­ми­ка­лық жағ­дайларға байланысты. Сон­дық­тан алдағы міндеттерді жоғары дәре­жеде орындаймыз деп сенемін.

  • Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан – Мәншүк БЕКБОСЫН.

 

КЕРЕК ДЕРЕК

Энергетиктер күні Ресейде, Украинада, Арменияда, Беларусьте және Қырғызстанда аталып өтіледі. Кәсіби мереке 1966 жылғы мамырда КСРО  кезінде пайда болды. Ол кезде энергетиктер күні 1920 жылғы Ресейді электрлендірудің мемлекеттік жоспары қабылданған күнге орайластырылған болатын.

Электр тарату тораптарының ішкі жүйесі автоматтандырылды

«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ өз қызметінде өндірістік процестерді ақпараттандыруға  басымдық беріп келеді. Бұл ретте мекемеде ішкі үдерістерді цифрландыру және автоматтандыру бойынша жұмыстар жалғасын табуда. Бұрнағы күні Алматы қаласының энергожүйесіндегі ауытқулар мен апатты жағдайларды жою бойынша жылдам әрі дұрыс шешімдерді қабылдау үшін «АЖК» АҚ Қазақстанда алғаш рет алты аудандық диспетчерлік пункттерді жедел-ақпараттық кешендермен және ұжымдық пайдалануды бейнелеу жүйелерімен (бейнепанельдер негізінде) қамтамасыз ете отырып, қайта құрылымдау  жобасын іске асырды.

Ұжымдық пайдалану ақпаратын бейнелейтін жүйе дегеніміз – бейнеқабырға. Онда барлық негізгі энергия объектілері (барлық коммутациялық аппараттар бейнеленген қосалқы стансалар, БП, ТҚС) бейнеленіп, ауданның коммутациялық схемасы көрсетіліп тұрады.

«АЖК»АҚ басқарма төрағасы Мұхит Үмбетовтың айтуынша, бұл жоба бірінші кезекте электр тораптық кешенді басқару жүйесін жетілдіруге және «АЖК» АҚ-ның басты міндеті – тұтынушыларды сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге бағытталған екен.

Бейнеқабырға диспетчердің жұмыс орнынан басқарылады.  Бұл жүйе уақыт режимінде болып жатқан барлық технологиялық процестерді сенімді қадағалауға мүмкіндік береді. Өйткені схемаға ауданның энергия объектілерінен телеметрия деректері енгізілген. ЭТА-ның коммутациялық жабдығының жай-күйі туралы барлық деректер нақты уақыт режимінде қалалық бөлу тораптарының орталық диспетчерлік пунктіне беріледі.

Диспетчердің жұмыс үстелінде орнатылған SCADA жүйесі ЭТА тораптарының  жалпы схемасын, сондай-ақ, телеметрия деректерін шығара отырып, энергообъектілерінің біржелілік схемаларын  көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұл тораптар басқару жеделдігін айтарлықтай арттырады. ЭТА-та штаттан тыс жағдайлардың дамуына қарай жылдам әрекет ету мүмкіндігі пайда болады. Сонымен қатар, диспетчерлік пункттерді қайта жабдықтау диспетчерлердің жұмысын тиімді етпек.

 «АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *