Мұхаммед Әлиге кешірім жасалмақшы

АҚШ президенті Д.Трамп амери­кандық боксшы Мұхаммед Әлиге кешірім жасау ойында бар екенін айтты. Бұл жөнінде «Советский спорт» басы­лымы жазады. «Мұхаммед Әли жөнінде ойлап отырмын. Ол кезде боксшы аса танымал болмаған, бірақ ол жөнінде қазір көп айтады. Ол жөнінде дұрыстап ойлану керек» депті Трамп.

Естеріңізде болса, атақты боксшы 1967 жылғы Вьетнам соғысы кезіндегі әскери шақырудан бой тасалағаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған еді. Бұдан бұрын Д.Трамп ХХ ғасырдың басында сотталған боксшы Джек Артур Джонсонға кешірім жасаған еді.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *