МҮГЕДЕКТІГІ БАР АЗАМАТТАР ҚАЛАЙ ЖЕҢІЛДІКПЕН ПӘТЕР АЛА АЛАДЫ

Жалпы, ҚР Президенті Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауына жиі жолданатын сұрақтардың бірі – мүгедектердің және мүгедек баласы бар отбасылардың жеңілдікпен пәтер алуына қатысты болып отыр. Осыған орай, ҚР Президенті Әкімшілігі аталған санаттағы азаматтардың жеңілдікпен баспана алу жолдарын түсіндірді.

Онда «Егер азаматтар барлық рәсімнен дұрыс өтсе, онда олардың бірнеше жыл ішінде тұрғын үй проблемасын шешуге мүмкіндіктері бар. Бұл ретте мүгедектерді, мүгедек балалары бар немесе оны тәрбие­леп отырған отбасын тұрғын үймен қамта­масыз етудің екі құралы бар. Ол мынадай:

Біріншіден, қажетті құжаттарды жинап, жергілікті атқарушы органға жүгіну керек. Олар құжаттарды қабылдап, есепке қояды және тұрғын үйге мұқтаж мүгедектерге кезек тәртібімен әкімшілік баспана ұсынады» дейді, Telegram-каналдағы ақпаратта.

Ал екінші құралына сәйкес, аталған санаттағы азаматтар үшін жеңілдетілген тәртіппен баспана сатып алуға жылдық мөлшерлемесі екі пайызбен 20 жылға дейін ипотекалық займ ұсынылады. Осы орайда, Қазақстанның «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде» бастапқы жарна жинаған аза­мат­тарға 20 жылға дейін жылдық мөлшер­лемесі 2 пайыздан аспайтын алдын-ала және аралық тұрғын үй займын береді. Сондай-ақ, аталған санаттағы азаматтарға жылына 6 мыңға жуық жеңілдетілген займ беру жоспарланып отыр.

Қорыта айтқанда, «Мұндай санаттағы азаматтарға кезекке тұру үшін тиісті құжаттарын дер кезінде және дұрыс тапсыру қажеттігін тағы да бір мәрте еске саламыз», – деп атап өтті ҚР Президент Әкімшілігінің қоғамдық қабылдауы.

 

Дайындаған – Құттыбек АЙМАХАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *