Ұлық мерекені ұлықтады

Қазақстан Тәуелсіздігінің 26 жылдығына байланысты салтанатты мерекелік шара өткен жұма күні Бостандық ауданы әкімі аппаратының үлкен мәжіліс залында өтті. Салтанатты жиынға аудан активі, Алматы қалалық Мәсли­хатының депутаттары, сондай-ақ, 1996 жылғы Желтоқсан көтері­лісіне қатысушылар, аудан­ның бөлімше жетекшілері, білім, денсаулық саласының өкілдері, ЖОО мен аудан тұрғындары қатысты.

Шара еліміздің Мемлекеттік Туының әкелуі мен Әнұранының шырқалуымен ашылып, Тәуелсіздікке қол жеткізуімізге байланысты жүріп өткен тарихымыз туралы деректі фильммен жалғасты. Жиналған қонақ­тарды аудан әкімінің орынбасары Маржан Балбаева құттықтап, толағай табыстар мен бейбітшілік тіледі. Сосын аудан тұрғындарын қалалық Мәслихат депутаты Мұхит Әзірбаев Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығымен құттықтап өтті.

Осыдан соң әкім орынбасары  Маржан Ертайқызы  ұлық мерекенің 26 жылдығына орай ел  дамуына үлес қосып,  қызметте алдың­­ғы қатардан көрінген бір топ аза­матқа  мақтау қағаздары мен алғыс хаттар табыс етті.

Салтанатты жиын К.Байсейітова атын­дағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың талантты өнерпаздары мен қазақ эстрадасының жас әншілерінің қа­ты­суымен ұсынылған концертпен жал­ғасты.

«Ақшам-ақпарат».

 

Мерекелік марапатқа ие болды

Рая ЕСКЕНДІР

Тәуелсіздік күні мерекесіне орай Оқушылар сарайында білім саласының қызметкерлеріне марапаттар табыс етілді.

– Біздің әрбіріміз үшін Тәуелсіздіктің орны ерекше. Ата-бабамыздың арманы болған еркіндікке қол жеткізу оңай болған жоқ. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың көрегендігі мен саясатының арқасында ел іргесі бүтінделіп, бейбіт өмір кешіп отыр­мыз. Біздің, білім саласы қызметкерлерінің міндеті ертеңгі ел тұтқасын ұстар ұрпақ тәрбиелеп, Тәуелсіздіктің тұғырлы болуына үлес қосу, – деген қаланың Білім басқар­ма­сы­ның басшысы Рахат Шимашева ерекше еңбегімен ерекшеленген білім сала­сының 160 қызметкеріне ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатын табыс етті. Мерекелі жиын соңы өнерпаз балалардың өнеріне ұласты.

 

Әуезов ауданы да атап өтті

Нұрислам ҚҰСПАНҒАЛИ

Тәуелсіздіктің 26 жылдығын тойлау салтанаты Әуезов ауданында да дүркіреп өтті. Аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Оразалин Н.И.Сац атындағы Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдерге арналған орыс театрында аудан тұрғын­дары мен қонақтарын елдегі ең ұлық мерекемен құттықтады.

Жиынға Әуезов ауданы әкім аппараты мен «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұймдастырушылары, Алматы қаласының Мәслихат депутаттары, аудан­ның құқық қорғау органдары, білім беру мен денсаулық сақтау саласының қызмет­керлері, қызметтік сала жетекшілері, ардагерлер мен жастар қоғамы қатысты.

– 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңы қабылда­нып, жаңа мемлекеттің негізі қаланды. Сол күннен бері Елбасы Н.Назарбаевтың іскер­лігі арқасында Қазақстан даму көрсеткіші жағынан басқа елдерге үлгі болып, жүзде­ген мемле­кетпен арадағы қарым-қатынасы нығая түсті, – деп Еркебұлан Оразалин барша қонақтарды ерекше ықыласпен құттықтап, оларға өзінің ізгі тілегін білдірді. Бұдан соң ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосқан азаматтарға мерейтойлық медальдар мен аудан әкімінің Алғыс хаттарын табыс етті.

Келген қонақтардың назарына Құр­ман­ғазы атындағы оркестр, қазақ эстрада­сы­ның әншілері мен би топтарының қаты­суымен бағдарламалық концерт ұйымдас­тырылды.

 

«Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!»

Жер бетіндегі қай халық үшін де тәуел­сіздіктен қадірлі, тәуелсіздіктен ұлы мұрат жоқ. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні халқымыз үшін ұлы мереке. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап, 26 жыл ішінде Қазақ­стан экономикалық, әлеуметтік, саяси дамуда орасан зор жетістіктерге жетіп, дүние жүзі мемлекеттерінің мойындауына ие болып отыр. 16 желтоқсан – ата-бабамыздың арманы орын­далып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы 16 жел­тоқ­санда Президент Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған Конституциялық Заңнан бастау алған тәуелсіздігімізге биыл 26 жыл толып отыр.

Оқушылар сарайының үлкен концерт залында Медеу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шараға соғыс және еңбек ардагерлері, этно-мәдени бірлестіктердің өкілдері, білім, денсаулық сақтау, қызмет құрылымдарының қызметкерлері, аудандық ірі және орта өнеркәсіп кәсіпорындардың өкілдері, ел экономикасына еңбек сіңірген аудан зиялылары мен тұрғындар шақырылды.

Іс-шара барысында Медеу ауданының қоғамдық-саяси өміріне белсене араласып, әлеуметтік экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтар Медеу ауданы әкімінің грамотасымен марапатталды.

Іс-шарада көрермен назарына Тәуелсіз­діктің 26 жылдығына арналған қазақстандық эстрада жұлдыздары мен аудандық өнер ұжымдарының қатысуымен мерекелік концерт ұсынылды.

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *