Ұлы қағанның ажалы неден болған?..

Әлемнің жартысына жуығын билеген делінетін Шыңғысханның өмірі күні бүгінге дейін талай тарихшы, ғұламалардың зерттеуіне, әңгімесіне арқау болып келеді. Сонда да осынау аңызға айналған билеушінің өміріндегі құпиясын ешкім де тап басып таныған, тапқан емес. Орыстың белгілі тарихшылары Алтын Орданың мұрагерлері қазақтар десе де, сол пікірдің өзі де әлі аса орнықты емес.

Осы орайда «Вокруг света» ұлы қағанның өмірінен алынған 9 аңызды оқырман назарына ұсыныпты.

Болашақ әлем билеушісіне әкесі өзі өлтірген ата жауы Темушиннің есімін беріпті деседі. Ондағы мақсаты – жеңім­паздың бойындағы ұлы рухты күш нәрес­тенің бойына даритын көрінеді. Бірақ бұл есім оған ағайындарының құрылтайында ұлық әмірші болып сайланғанда беріліпті. Ал енді оның Шыңғыс есімі жөнінде түрлі пікір айтылады. Бір болжам бойынша ол батыс моңғолдардың тілінде «күшті», «құдіретті» делінсе, түрік тілінен алғанда «теңіз», «мұхит» деген мағына береді екен.

Қымызды ойлап тапқан Шыңғысхан дейді. Жоқ олай емес. Моңғол аңызда­рында Шыңғысхан елге мәдениетті әкелуші тұлға, оның ішінде қымыздың қасиетін ашқан адам делінеді. Әрине, Шыңғысхан­ның даналығында шек жоқ. Өз елінің мәдениетін, тарихын, шежіресін құрметте­ген адам. Ал қымызға қатысты әңгіме басқа. Шын мәнінде қымыз ұлы әміршіге дейін мың жыл бұрын өндірілген. Археологтардың зерттеуінше, мәселен Солтүстік Қазақстан жерінде қымызды энеолит дәуірінен пайдалана бастаған. Тарих атасы Геродоттың өзі біздің дәуірімізге дейін бұдан бес мың жыл бұрын көшпенділер жылқының еті мен сүтін қорек еткенін айтып кетіпті.

Кейбір аңыз-деректерде Шыңғыс қаһанның қанішерлігі, қатыгездігі де қисапсыз деректермен айтылады. Бір шаһарды жаулап алса, бәленбай сарбаздың басын шабады екен, адамды құрбандыққа шалады екен, мәселен, бір қаланы алғанда 2,4 млн. бейбіт тұрғынды құрбандыққа шалыпты дейді. Мұндай деректі 1221 жылы Гератты алғанда ортағасырлық парсы тарихшысы Джузджани келтіріпті. Тіпті, ол кейбір дерек көздеріне сілтеме жасап, құрбан болғандар саны 1,6 миллион дейді. Ал американ ғалымдары бұл жағдайдың болуы мүмкін емес екенін айтады. Себебі, ол кезде шаһарлар халқының өзі миллионға жетпейді дейді.

Бүгінде Шыңғысханнан тарайтын ұрпақтың өзі бірнеше миллионға жетті. Оның ішінде ұлдардан тарайтындары 16 миллион шамасында делінеді. Мүмкін.

Ұлы жеңімпаздың ажалы әйел баласы­ның қолынан болған дейді. Бұл да қисынға келмейді. Моңғолдың әпсанасына сенсек, ол өз жауының әйелінің қолынан қаза болуы мүмкін екен. Тіпті, оны бір өткір қарумен өлтіріп, суға тастаған деп те айта­ды. Бұндай ежелгі жазбалар Шыңғысхан өзі өлгеннен кейін 400 жылдан соң ХVІІ ғасырдағы құжаттарда айтыла бастады. 1227 жылы өлген ханның қазасы жөнінде болжам көп. Бұл ретте моңғол империя­сының дерек көздерінде айтылғанындай, ол ауыр науқастан не шайқас кезінде қайтыс болған деуі көп қисынға келетін тәрізді.

Бүгінде ұлы қағанның қайда жерлен­гені жөнінде әлем тарихшыларының, зерттеушілерінің жалған болжамдары бір кітапқа жүк болады. Бір аңызыңызда Онон өзенін теріс ағызып тұрып, сонсоң қаһанның денесін тастап қайта ағызған деседі. Алайда, мұндай аңыз шумерлер патшасы Гильгамеш, вестготтар көсемі Аларих және ғұндар қолбасшысы Атилла жөнінде де айтылады. Сондықтан бұл деректерде де аңыздық сарын басым.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *