Ұлттың табысты болуы адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады

Қазіргі кезде жоғары оқу орындарын бітіргендер арасында білімі көңілді көншітпейтіндер көзге түсуде. Қоғамдағы өршіп тұрған жемқорлық, келеңсіз жағдайлар оқыту процесінде инновациялық педагогиканы жүйелі түрде пайдаланудың қажеттілігін көрсетеді.

Білім алушылардың адамзат мора­лі­нің негіздері мен этикалық дәстүр­лерін, адамдар арасында таза адами қарым-қатынасты бойына сіңіруіне көңіл бөлу өзекті мәселе. Бұл жолда әрбір ұстаз шәкірт жа­нына үңіліп, өскелең ұрпақ­ты елі­міздің тұтқасы болатындай білімді, тәрбиелі болып қалыптасуына күш салып, олардың өзіндік ой-талғамы бар, бәсекелі заман­ның  қатаң талап­­­тарына сәйкес ізденімпаз жаңа­шыл­дық­қа жаны құмар, баста­машыл болуына жол ашуы абзал.

«Интеллектуалды ұлт – 2020» ұл­тық жобасында білім беру жүйе­сін инно­вациялық даму жолына түсіру, ақпа­раттық технологиялар паркін қалып­тастыру, басты мақ­сат жастарға рухани тәлім-тәрбие беру екені анық көрсе­тілген, өйткені ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адам­­дарының бәсекелік қабілеті­мен айқын­далатындығы заманауи заңды­лық.

Олай болса, оқыту процесінде жаңа­­шыл әдістермен студент-жас­тардың ақыл-ой еңбегін, саналы іс-әрекетін дамыту, өмір талабына сай ғылыми-тәжі­рибені, ұлттық психо­логия негі­зінде ұйымдастыру керек. Бұл өз кезе­гінде оқытушы-ұстаздарға үлкен жауап­кершілік арттырады. Олардың инте­ллектілік деңгейінің жоғары, ғылы­ми-әдістемелік білімі жеткілікті, педагогика мен психоло­гияны терең меңгерген ізденімпаз болуы күн тәртібіндегі мәселе. Еге­менді ел болған жылдары жастардың физио­логиялық сана-сезімі және ақыл-ойларының дамуы мен ерекше­лік­тері сезіледі. Олардың жоғары дәре­жеде өсудегі заманауи  ақпа­раттық технологияның арқасында көп нәрсе­ден хабары бар. Бірақ ағылған ақпарат жастардың жоға­ры мамандық иесі болып қалып­тасуына кепілдеме бола алмайды. Тәрбие ошақ басынан, бала­бақ­шадан, мектеп қабырғасында қалып­тасады десек те, жастардың кәсіби мамандығын дұрыс таңдап, жан-жақты білім мен біліктілікке ие болып, қабілетті іскер тұлға болуы жоғары оқу орындарына тікелей байланысты.

Ең алдымен, мектеп бітіруші­лердің болашақ мамандық таңда­уына әсер ету керек. Қазіргі кезде ЖОО ұстазда­рының олармен алдын-ала кездесіп, мамандықтар туралы терең мағлұмат беріп, оларға деген нарықтағы сұра­нысты жеткізуі құптарлық шаралар. Жас­тардың өз бойындағы құлшыны­сына, қабілеттілігіне сәйкес, маман­дықты дұрыс таңдауы кәсіби маман болуының кепілі. Өйткені, біліктілік креативтік және тұлға­ның бағыттылы­ғынан, қабілетте­рінен, мінез-құлқынан танылады. Қолданыстағы білім беру­дің кре­диттік технологиясының мін­деті – студенттің өз бетінше жұмыс істеу қабілетін қалыптастыру.

Оқу барысында студент оқыту­шымен бірге орындалатын дәріс­тен, тәрбиелік сабақ пен негізгі сабақ кес­те­сінен тыс өзіндік жұ­мыс тапсыр­маны белгіленген толық мерзімде сапалы орындауы, таңдап алған мамандығы бойынша теориялық білімді меңгеру, тәжі­рибелік машық­тану, зерттеудің заманға сай әдістерін білуінің көрінісі. Пәнді оқытудың белсенді әдісі, дәріс тақырыптарында көте­рілген мәселелер туралы мақала­лар мен ой-пікірлермен жіті таны­сып, пікір таластыруды ұйым­дас­тыру. Бүгінде дәріс өткізуде инте­рактивтік тәсілдерді қолдану маңызды. Интерак­тивтік әдіс – өзара әрекеттердің ұшта­суы. Мұ­ның мәні топ емес, жеке тұлғамен қарым-қатынасты бекітуге бағыт­талғаны, студенттерге жекелеген тапсырма беріліп, орындалуы нақты тақырыптың теориялық әрі тәжіри­белік маңызын ашатын талданып  баға­лануы, олардың көрсетілген тақы­рыпты терең меңгеруіне негіз болады.

Студенттердің білімін тест арқылы қабылдау тәжірибеде кеңінен  қолда­нылуда. Тест сынағы әдісінің көмегімен студенттің хабарландыру деңгейі мен талқы­лайтын тақырыпқа қатынасы, сондай-ақ логикалық ойлау деңгейі анықталады. Студенттің оқыту­шымен орындайтын жұмысы, егер дұрыс ұйымдастырылса, күн тәрті­біндегі мәселелерді зерттеу, талдау әдістерін меңгеру, кәсіби даярлық сапасын арттыру, кәсіби әдебін, топта жұмыс істей білу қабілетін қалыптастыру, тәжірибе жинақ­тау, сонымен қатар кері байланыс болып табылады.

Әрі оқытушының тапсырып отыр­ған тақырыбының әсерін, нәтижесін бағалауға мүмкіндік береді, яғни оқы­тушы дайын білім бермей, студентті өз бетімен ізденуге үйретеді. Өзіндік жұмыс орындау және оқытушы өткіз­ген дәріс, тәжірибелік сабақ бары­сын­да студент түсіну үрдісіне толықтай қатысушы болып, оның тәжірибесі оқу танымының қайнар көзі  болып қызмет атқарады. Студент пен оқыту­шының өзара әрекеттес­тігінде, оқыту­шының белсенділігі студенттің белсен­ділігіне ауысады. Оқытушы оқу ақпа­раттық көзі ғана емес, жұмыс бары­сында ақпарат таратушы ретінде көмекші рөл атқарады. Студент өзін-өзі бағалап немесе өзара бағалатып, әрекеттік барысында бойына білім жинақтайды.

Бір өкініштісі, дәріс барысында аралық бақылау мен емтихандық сынақта кейбір студенттердің тіл байлы­ғының жетіспеушілігі көрі­ніс беруде. Оның себебі – олар­дың зама­науи техникалық құрал­дарды қолынан тастамай әдеби кітаптар мен оқулық­тарға көңіл бөлмеуінде. Айта кету керек, білім көздері арнайы оқулықтар болып табылады. Өйткені, оқу бағдар­ламасы негізінде дайындалған оқулық­тар бірнеше сынақтан өткізіліп барып басылады.

Екінщіден оқулықтар, теория­лық материалдарды кеңінен келті­рілуімен бірге барынша әдеби тілде жазылады. Жоғары мамандық иесі өз саласы бо­йынша ғылыми әлеует­ке дербес ойлау жүйесінде тиімді шешім қабылдауға қабілетті бо­луына тілдің рөлі ерекше.

Тіл – адамдардың бір-біріне пі­кір алысып, қарым-қатынас жасай­тын адами қалыптастыратын, шығар­машылық қабілеттерінің даму құралы ретінде студенттердің оқылатын пән­дерде қолданатын мәселелерді түсі­нуіне, есте сақтау қабілетінің артуына, сөздік қоры­ның молаюына әсерін тигізеді. Сондай-ақ, ақыл-ойдың ке­ңеюі, эстетикалық тәрбиені меңгеруге оң әсер етеді. Сондықтан да сту­дент­тердің шешендігіне мән беріп, олардың күрделі мәселелерді талдауға ой-пікірін дәйекті білдіре алатын маман болуына бағыт беріп, қадағалау – ұстаз парызы.

Тарихи деректерде нарықтық экономикадағы елдерде жекеше ЖОО орындарын ашқандар, ең алдымен, ұстаздар жалақысын көтеруден баста­ған, ал қазіргі дамы­ған елдерде ғалым-ұстаздар әлеуметтік жағдайы бойынша орташа тапқа жатады. Әлемдегі ең бір әлеуетті, бәсекеге қабілетті адами капи­талға ие болатын жаңа форма­циядағы қазақстандықтарды тәрбиелеп қалыпастыру басты мақсат болса, оны іске асыра­тындар оқытушы-ұстаздар емес пе?

Қазақстан дамыған 30 елдің қата­рына еніп, дамудың даңғыл жолына түсуде – өскелең жастар­ды ұлттық құндылықтар, мемле­кет­шілдік қасиет­термен жан-жақты қаруландырып, елі­міздің тұтқасы етіп тәрбиелеп шығару, ғылым мен білімге көлемді қаржы бөліп, оларды тиянақты және нәти­желі іске асыруға тікелей байланысты.

Екіншіден жоғары оқу орын­дары Елбасы айтқан, әлемдік 100 үздік гуманитарлық оқулықтар және  қол­даныстағы оқулықтармен жеткілікті қамтамасыз етілуі тиіс.

 

Н.Балқияұлы,

М.Тынышбаев атындағы

Қазақ көлік және коммуникациялар

академиясының  профессоры.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *