Ұлт мүддесі, тіл мәселесіне ерекше тоқталды

Қуат ӘУЕСБАЙ, «Түркістан» халықаралық газетінің бас редакторы:
— Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың алғашқы жолдауынан көп үміт күтеміз. «Халыққа берген уәдемді міндетті түрде орындаймын» деген Президент қоғамдағы қордаланған мәселелерден хабардар екенін, оларды шешу бағытында ауқымды істер атқарылатынын баян етті. Бұл Жолдауда әлеуметтік мәселелерге көп басымдық беріліп отыр. Президенттің сайлауалды бағдарламасында да бұл мәселелерге ерекше тоқталған болатын. Жалпы айтқанда, халықтың көкейінде жүрген, алаң тудырған түйіткілдерді Мемлекет басшысы дөп басып, олардың алдағы уақытта міндетті түрде өз шешімін табатынына уәде етті. Ел сенімін нықтай түсу үшін жыл соңында атқарылған істердің қорытынды есебі болар деп үміттенеміз.
Президенттің «Қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажет» деген сөзі көп көкейінен шығуда. Сондай-ақ, «қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді» дей келе, тек мұндай нәзік мәселеде даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс істеуіміз керек екенін ескертті. Сол сияқты жеріміздің шетелдіктерге ешқашан сатылмайтыны туралы пікірі де көптен бері елді елеңдетіп қойған мәселеге нүкте қойғандай болды.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *