Лофт орталық – жастардың мүмкіндік алаңы

 

Біз Байтұрсынов көшесінің бойында орналасқан Лофт орталыққа келдік. Аталған мекеме 2017 жылы «Жастар жылы» деп жарияланғаннан кейін жастар саясатын қолдау мақсатында ашылыпты. Қазіргі таңда 17 жұмыскер, 80 педагог жұмыс істейтін бұл орталықтың басты қызметі – жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жүргізу, жатақханаларға тәлімгерлік жасау, медия орталықтарын құру болса керек.

Мұнда жас суретшілер орталығы, жастардың ресурс ор­талығы, жатақханаларға кураторлық ететін орталық бө­лімше және жастарға қызмет көрсету аймағы, 5 шебер­хана,  мемлекеттік тілді оқыту орталығы,  10 білім секциясы бар.

Жаңа лофт орталықта жастарға арналып 25 ҮЕҰ түрлі шаралар ұйымдастырылады. Олар тұрақты жұмыс істеп тұру үшін мыңнан астам адам жұмылдырылатын көрінеді. Лофт орталығында жастар қажетті барлық ақпаратты ала алады және өз мақсатын жүзеге асыру үшін тисті қолдау таба алады.

Естеріңізге сала кетейік,   Алматыда 2017 жыл – «Жастар жылы»  деп  жарияланған еді.  Соған сай бірнеше шаралар жүзеге асырылуда. Мәселен, «Жол картасы» аясында жастар практикасының квотасын арттыру жоспар­ланған, 6 мыңнан астам адам кәсіби дайындықтан өтеді, студенттік жатақханалар салынуда, Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірге ерекше бағдарлама жасалып, соның арқасында жастар жеңілдетілген заем арқылы жаңа пәтерге қол жеткізе алады. Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың мамыр айынан бастап қаладағы Әуезов ауданында жас­тарға тегін  білім беретін  «Бағдаршам»  орталығы ашылса, Алатау ауданындағы Атлеттер ауылында «Жастармен жұмыс орталығы» жұмысын бастады.

 

Жаңылсын ЖОЛДЫБАЙ,

студент.

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *