ӘЛЕУМЕТТІК МӘРТЕБЕҢІЗДІ АНЫҚТАДЫҢЫЗ БА?

Алматыда азаматтардың әлеуметтік мәртебесін анықтау жалғасып жатыр

Тиісті мекеме  қызметкерлері әлеуметтік мәртебеңізді  анықтаңыз, оны анықтап, тиісті жарна төлемеген жағдайда, өзіңізге тиесілі әлеуметтік мүмкіндіктерден айырылып қаласыз деп дабыл қағудан жалықпай келеді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуіне байланысты қолға алынған  бұл науқан биылғы жылы да өз жалғасын тауып, Жұмыспен қамту орталығы, қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және мемлекеттік кіріс басқармаларының қызметкерлері науқанды ұйымшылдықпен  қолға алып отыр. 

Нұржамал ТЕГІНБАЙҚЫЗЫ

Азаматтардың өз мүмкіндіктерін  дұрыс пайдалануларын қамтамасыз етуді мақсат еткен аталған басқармалар жанынан құрылған мобильді топ мүшелері аулаларды аралап, тұрғындармен сауалнама жүргізу арқылы, сондай-ақ, қоғамдық тамақтан­дыру орындарында, базарлар мен құрылыс алаңдарында жұмыс істеп, өзін-өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтармен әңгімелесу,  жедел алдын алу шаралары арқылы жүргізуде.  Осы іс-шаралардың нәти­жесінде қазіргі уақытқа дейін 390 мыңға жуық адамның мәртебесі анықта­лып, бірыңғай жинақтық төлем төлеу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыс­тары жүргізілген.

Әлі де сексенге жуық азаматтың мәрте­бесі анықталмай отыр.  2019 жылдың бірінші қаңтарынан бастап, бірыңғай жинақталған төлем көлемі қала тұрғын­дары үшін 2525 теңге болып белгіленсе, ауыл тұрғындары үшін бұл төлемнің мөлшері  0,5 АЕК көлемін құрайды. БЖТ төлемшілері салықтық есеп тапсырмайды. Бірыңғай жинақталған төлем көлемі үлес­терден тұрады.   Төлемнің 10 пайызы ЖТС, 30 пайызы  БЖЗҚ-ына, ал 40 пайызы МСҚ аударымдары, ал  20 пайызы  МӘСҚ әлеу­меттік аударымдары.

«Азаматтардың өз денсаулығы мен өзін болашақта зейнетақымен қамтамасыз ету үшін ай сайын төленетін бұл төлемдер азаматтардың қалтасына ауырлық ете қоймайды», – дейді  осы іс-шараға жауап­ты  басқармалардың қызметкерлері.

«Бірыңғай жинақ төлемін төлеу   әркім­нің өз еркімен жүргізіледі.  Жүйеге қаты­су құқығы да өз еркінде.  Бірыңғай жинақтал­ған төлем төлемегені үшін ешкім жауапқа тартылып, оларға жаза қолданылмайды, дегенмен, БЖТ  өз-өзін жұмыспен қам­тып, күнкөрістерін күйттеп жүрген азаматтар­дың  болашағын қамтамасыз етудің  бірден-бір жолы екендігін  естен шығармағандары абзал»,– дейді Алматы қалалық Жұмыспен қамту орталығының болжау бөлімінің басшысы Алтынай Жүкенова.

Бөлім басшысының айтуынша, Жұмыс­пен қамтуды  рәсімдеу, БЖТ енгізу бойынша тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстары кеңінен жүргізіліп, ол бойынша арнайы Жол картасы жаса­лыпты.  Осы бойынша   биылғы жылдан бастап бейресми жұмыспен  айналысатын азаматтарды «Еңбек» жаппай кәсіпкерлік бағдарламасына тарту жоспарланған көрінеді. Ал мәртебені анықтау  ХҚКО немесе Н.Назарбаев даңғылындағы 50-үйде орналасқан  Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік мәртебе – әлеуметтік мәселе­лердің оң шешілуіне мүмкіндік беретін   тиімді тәсіл екендігін әр азаматтың ескер­гені, әлеуметтік мәртебенің денсаулығы­ңызды сақтауға  кепіл болатындығын есте сақтағандарыңыз абзал. Олай болса, өз денсаулығымызды, өз зейнетақымызды бүгіннен бастап қамтамасыз етуге дағды­ланғанымыз  жөн  болар.

Ал сіз өз әлеуметтік мәртебеңізді анықта­дыңыз ба?

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *