Коронавирус жұқтырған азаматша жазаға тартылды

Қалалық Полиция департаменті коронавирусты жұқтырғандардың бірі – Б. есімді азаматшаның санитарлық қызметтің жұмысына барынша кедергі келтіргенін хабарлайды. Сонымен қатар өзімен байланыста болған азаматтар туралы айтып, ақпарат беруден бас тартқан екен.
Азаматша ҚР ҚК-нің 304-бабындағы қылмыстық іс бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Бұл ретте Алматы қаласының полициясы короновирустық инфекцияны анықтау және оның алдын алу бойынша қызмет ететін сала қызметкерлеріне қолдау көрсетіп, атқарылып жатқан іс- шараларға түсіністікпен қарауға шақырады.

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *