Кондукторлар да жұмысқа тіркелуі керек

Бәріміз де байқап жүрміз, осы кезге дейін қоғамдық көліктерде кім көрінген кондуктор болып жүре беретін. Тіпті, ара-тұра олардың арасында мектеп жасындағы оқушылар да кездесіп қалатын. Енді осы келеңсіздіктің орны жойылатын болды.

Өйткені, жуырда Алматы қаласы мәслихатының еңбек,  жұмыспен қамту және көлікті дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы Роза Бадаева «Алматы қаласының автобус парктері бір ай ішінде заңсыз кондукторлардан құтылулары керек», — деп мәлімдеді. Соған орай автобус басшылығы 20 наурыз – 20 сәуір аралығында өздерінде жұмыс істейтін кондукторларды заңды түрде тіркеуден өткізулері немесе олардың қызметін мүлдем тоқтатулары қажет екен.

Өз кезегінде осы мәселеге орай автопарк басшылары жауап беріп, кон­дуктор ретінде ешкімді жұмысқа қабылдай алмайтындарын айтқан. Өйткені, мұндай жұмыс арқылы өздерінің зор шығынға бататынын келтірген. Атап өтетіні, әу баста электронды билеттендіру жүйесі – жүргі­зушілердің қолма-қол ақшаға қолдары жетпейтін етіп жасалған. Соған орай авто­парктер бұл жұмысты электронды билеттен­діру операторлары өз қолдарына алулары тиіс деп санайды. Себебі, жолақыдан жиналған барлық ақшаға тек солар ғана жауап береді екен.

Айтқандай, «Green Bus Company» компаниясы осы мәселеге орай сынақ жүргізіп, кондукторларды жұмысқа қабыл­дап байқаған. Алайда, жұмыстың ауырлы­ғынан олардың көпшілігі шыдай алмай, жұмыстан шығып кете берген.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *