Кезекті салауатты велошеру

«Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында үшінші бұқаралық велошеру өтті

Әдеттегідей, қатысушылар сөреге «Нұрлы Тау» бизнес орталығында жиналды. 9 шақырым қашықтықты құрайтын вело­шеру Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының маңында аяқталды. Мәреде қатысушы­лардың арасында бағалы сыйлықтар мен велосипед ойнатылды. Басты сый, екі вело­сипед велоспорт бапкерлеріне бұйыр­ды.

– Біз әрдайым қатысамыз, біз үшін бұл жаттығу десек те болады. Осымен екінші рет велосипедті жеңдік. Мен «Apple team» командасының бапкерімін. Өкінішке орай, спортшыларға велосипед жетіспейді. Сондықтан шәкірттеріме сыйлаймын. Жаңбыр болжаланса да, қатысушылар саны көп. Бұл керемет жоба. Қала әкімдігі мен спорт басқармасына алғысымыз шексіз, – деп бөлісті жеңімпаз Жанна Юсупова.

Айта кетер жәйт, осы велошеру «Спорт­тық Алматы» қалалық бағдарламасының қолдауымен 2018 жылы жоспарланған 21 велошерудің үшіншісі болып саналады.

«Спорттық Алматы» бағдарламасы мегаполистегі бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылуда.

 

Ахметула Шаядияов.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Оқи отырыңыз!

Close