КЕЗЕКТЕН ТЫС САЙЛАУ КЕРЕКТІ ШАРА

Алматыда «Nur Otan» партиясы мен ҮЕҰ өкілдері Қазақстан Президентінің сайлауын талқылады

Алматы қаласының Азаматтық орталығында «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Арман Халбековтің Үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) өкілдерімен кездесуі өтті.  Кездесудің басты тақырыбы алдағы Президент сайлауының маңызын талқылау.   

Жиынды ашып, жүргізген Ал­маты қаласы Қоғамдық Кеңесінің төрағасы, Алматы қалалық мәс­лихатындағы «Nur Otan» партия­сының депутаттық фракциясы­ның мүшесі, «Тұран» универси­тетінің ректоры Рахман Алшанов сайлаудың Қазақстан­ның тұрақ­ты дамуы мен Елбасы бағытын сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.

«Тәуелсіздік жылдарында біздің еліміз үлкен нәтижелерге қол жеткізіп, халықаралық аре­нада беделі артты. Осының бар­лығы Елбасының көреген саясаты арқасында жүзеге асты. Бүгінде әрбір қазақстандықтың міндеті – өз халқының жетістіктерін сақтап қалу және арттыру», – деп атап өтті Рахман Алшанов.

«Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Арман Халбеков өз сөзінде Елбасының барлық бас­тамалары Қазақстанның әлемдік аренадағы рөлін нығайтуға бағыт­талғанын атап, сондай-ақ, партия­лық жобалардың жұмы­сына тоқталды.

– «Nur Otan» партиясы Төр­ағасының партияның XVІІІ съезінде айтылған тапсырмасы бойынша Алматыда «Бақытты отбасы», «Халыққа көмек», «Құт­ты мекен» партиялық жобалары белсенді іске асуда. Мәселен, «Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында партияның депу­таттық фракциясының мүше­лерімен 100-ден астам отбасы тұрақты қамқорлыққа алынып, көпбалалы аз қамтылған аналарға  1200 сертификат табыс етілді.   Қазақстанның Тұңғыш Прези­денті айқындаған стратегиялық басымдықтарды іске асыру алдағы кезеңдегі жұмыстың басты бағыттары болып табылады, – деп атап өтті Арман Халбеков.

Кеңес барысында «Ақпарат­тық-ресурстық орталық» қоғам­дық қорының директоры Алты­най Көбеева Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы шешімі  уақытылы қабылданған, әрі өте орынды шешім екенін атап өтті.

«Мерзімінен бұрын сайлау өткізу шешімі қоғамдағы тұрақ­тылық пен бірліктің одан әрі күшеюіне оң әсерін тигізеді. Үкі­міттік емес ұйымдардың өкіл­дері заң аясында елдің қоғам­дық-саяси өміріне, ҮЕҰ мүше­лерінің құқық­тары мен мүдде­лерін қор­ғауды қамтамасыз етуге белсенді қаты­сатындығына сенім білдіре­мін», – деді Алтынай Көбеева.

Кездесу қорытындысы бойын­ша қатысушылар барлық азамат­тарды сайлау алдындағы іс-шара­ларға белсенді қатысуға шақыр­ды.

Дания КҮЗЕМБАЕВА,

«Nur Otan» партиясы АҚФ кеңесшісі.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *