КЕПТЕЛІСТІҢ КЕСІРІ

5тимес үшін жол қозғалысына өзгерістер енгізілді

Ағымдағы жылы қаламыздың бірқатар магистральды жолдарындағы  қозғалысқа өзгерістер енбек. 15 қазаннан бастап жол қозғалысындағы өзгеріс қаламыздың қақ ортасындағы Абай даңғылынан басталды. Мұның да өзіндік себебі бар. Жаздыгүні Абай даңғылы бойымен Достық даңғылынан Саин көшесіне дейінгі аралыққа сызылған «А» таңбалы  бірінші жолақтар тек қоғамдық көліктерге лайықталған болатын.

 

Айнабай МӘДИ

Басты жолдағы бұл таңба шаһары­мыздың бас даңғылын жол қылған автокөліктердің күн өткен сайын көбейіп,  көлік кептелісін еселеуінен туындап еді. Даңғыл бойымен жүретін бірнеше автобус пен троллейбустың бағытын өзгерту де өз кезегінде даңғылға түсер салмақты азайту­дан туған амал-әрекет болды. Таңбалы даңғыл даңғыл жолға айналғанымен, жол қоз­ғалысында бірқатар қиындық болғанын жасыра алмаймыз.

Осыдан бір апта бұрын Әкімшілік полиция  басқармасына хабарласқаны­мыз­да, ондағылар әлі де көлік кептелісін туды­рып отырған тұстардың баршылық екенін айтқан-ды. Енді, міне, жолдағы өзгерістерге куә болып отырмыз. Әлбетте, өзгеріс  кеп­теліс тудырып отырған жол учаскелеріне енгізілді. Абай даңғылының Абылай хан мен Желтоқсан көшелерінің қиылысы ара­лығындағы екі бағытта, сондай-ақ, Абай даңғылының Мұқанов көшесі  мен Есентай (бұрынғы Весновка) өзені аралы­ғындағы  қос бағы­тына өзгеріс  енді.

– Аталған жол учаскелерінде қоғамдық көлікке арналып арнайы жолақтардың енгізілуі уақыт талабынан туындаған болатын. Алайда, жол бөлігі тарылып, автокөліктердің кептелісі мен апатты жағдай артты. Зерттеу, зерделеу нәтижесінде жоғарыда көрсетілген түзетулер енгізілді. Демек, бұл аталған учаскелердегі көлік қозғалысына жолақ бойынша шектеу қойылмайтынын білдіреді. Автоәуесқойлар әдеттегі жол белгілерін қолдана алады, – дейді Әкімшілік полиция басқармасына қарасты батальон коман­дирінің орынбасары, полиция подполковнигі Еркін Өтегенов.

Жол-партульдік полиция бөлімшесін­дегілер бүгінде Абай даңғылының  Нұрғиса Тілендиев, Тұрғұт Өзал атындағы көшелермен  қиылы­сындағы бағдаршам нысандарының фазалық жүріс режимін өзгерту жөніндегі мәселенің қарастырылып жатқанын айтты.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *