КӘСІПКЕРЛІК ЗАҢ ШЕҢБЕРІНДЕ ҒАНА ДАМИДЫ

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы мен Қаржылық бақылау инспекциясы ынтымақ­тастық жөнінде келісімге қол қойды

Жақында Қазақстан Респуб­ликасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша  инспекциясы мен Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Тараптар кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау, мемлекеттік сатып алулар мен жергілікті қамту тиімділігін жоғарылату, бухгалтерлік есеп, қаржы есебі, аудиторлық қызмет және ақпарат алмасу  саласында өзара тиімді қызмет көрсетуге ниет етуде.

– Осы келісім Алматы қаласының айрықша мәртебесі мен ерекшелігі үшін қажет, кәсіпкерлер құқығын барынша қорғау мақсатында өзара қызметтесу болып табылады. Құжатқа қаржы бақылау мен мемлекеттік сатып алулар саласында кәсіп­керлердің құқығы  мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында қол қойылды, – деп атап өтті Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Артур Котенёв.

Осы келісім қаржы бақылау мен экономикалық қылмысты анықтау және алдын алу туралы нақты күн тәртібін қарастырады.

Сонымен қатар, қол қойылған келісім мемлекеттік сатып алулар саласында кәсіпкерлердің  мүддесін қорғауда Палатаның құзыретін жоғарылатады.

– Ынтымақтастық келісімі кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау және мемлекеттік сатып алулар мен жергілікті қамту тиімділігін жоғарылатуға бағытталғын, сонымен қатар, оған бухгалтерлік есеп, қаржы есебі, аудиторлық қызмет саласы да кіреді, – деп, Алматы қаласы Қаржылық бақылау инспек­циясының бастығы Ержан Мыңжасаров түсініктеме берді.

«Ақшам-ақпарат».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *