Көкірегі шемен ұлт – төмен ұлт!

Нұртөре ЖҮСІП,

«Айқын» газетінің Бас редакторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері:

…Көкірегі шемен ұлт – төмен ұлт! Біздің қазақ бір-бірін жөндеп бағалай алмайтыны өз алдына, өз бағасын да біле бермейді. Әбден езілген, жаншылған ұлттық сананың сырқаты. Тәуелсіздік алсақ та санамыздың сауығуы өте қиын жүріп жатыр. Ұлт еңсесін көтеріп, елдің, мемлекеттің иесі екенін таныту үшін әр қазақ өз бағасын, өз орнын, өз қабілеті мен қасиетін білуі тиіс. Бұл – бір. Екінші, дүниенің бәрі өзгерсе де: еліміз нарықтық қатынасқа көшіп, айналамыздың бәрінде нарықтық өлшем жүріп жатқанда еңбекті бағалау – еңбекке ақы төлеу деген мәселе сол күйінде қалды; жақсы істесең де, жаман істесең де белгіленген жалақыңды аласың, адамның һәм маманның нарықтық бағасы мұндай жағдайда ешқашан айқындалмайды. Енді ой таразысына тартып көріңіз: қанша тұрасыз? Жалпы, өз бағаңызды білесіз бе, өзі?!

(«Айқын», 7.09.2018)

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *