ҚИСАЙҒАН ҮЙ ЖӨНДЕУГЕ ЖАРАМДЫ

«Зерделі-6» ықшамауданындағы қисайған үй бойынша зерттеу нәтижелері шықты.

«Зерделі-6» ықшамауданындағы №179 үйдің тұрғындарымен өткен кезекті кездесуде Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚазҚСҒЗИ АҚ-ның зерттеу нәтижелері жарияланды.

2019 жылдың соңғы айларында бастал­ған үйдің негізі мен тірек конструк­цияларын жүйелі түрде зерттеу, ғимараттың күн сайынғы қисаюын өлшеу және оның мүмкін болатын серпінін қадағалау ҚазҚСҒЗИ зертханасының мамандарына осы үйде тұру қауіпсіздігіне қатысты алдын-ала қорытынды беруге мүмкіндік берді. Мамандардың мәліметінше, қалпына келтіру жұмыстары аяқталғаннан кейін үй одан әрі пайдалануға жарамды болады. Осы жылдың ақпан айында ҚазҚСҒЗИ АҚ-ның қорытындысы мен ұсынымы негізінде құрылыс-монтаж жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Онда қарама-қарсы жағынан топырақты алу арқылы үйдің қисаюын жою бойынша жұмыстар жүргізілмек. Одан әрі үйдің іргетас тақтасына байланыстыра отырып, үй периметрі бойынша бурабивті қадалар орнату арқылы үйді тіктеп нығайту бойын­ша жұмыстар жүргізіледі. Одан кейін су бұру жүйесінің құрылғысымен қалпына келтіру жұмыстары жүреді.

– Қазір ұсыныстар бойынша Қаз­ҚСҒЗИ-мен келісе отырып, жұмыс өндірі­сінің жобасы әзірленбек. Ғимараттың іргетасын күшейту, қисаюдың алдын алу және жою жөніндегі одан арғы барлық жұмыстар ҚазҚСҒЗИ-дің құрылыс сала­сындағы, оның ішінде сейсмикалық қауіпті аймақтардағы проблемалармен айналыса­тын Қазақстандағы жалғыз мемлекеттік мекеменің бақылауымен жүргізілетін бола­ды. Институттың бұл салада 87 жылдық тәжірибесі бар, – деп атап өтті Алматы қалалық Жайлы қалалық орта басқар­масының басшысы Қуандық Айтмаған­бетов.

Мамандар қисайған үйдің барлық проблемаларын түпкілікті шешілуіне көз жеткізбейінше, бұл жұмыстар үш айға дейін созылуы мүмкін. Сонымен қатар, «Зерделі» ықшамауданындағы барлық 32 үй бойынша зерттеу жүргізіліп, ҚазҚСҒЗИ-дің қорытындысы шықпақ. Қазіргі уақытта барлық тұрғындар қала әкімшілігі есебінен жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етілген. Адамдарға балаларын балабақша­лар мен басқа да білім беру мекемелеріне орналастыруға көмек көрсетілуде. Осы уақыт аралығында тұрғындар арасында туындаған барлық мәселелерді шешу үшін арнайы штаб құрылып, жұмыс істеуде.

 

«АҚШАМ-АҚПАРАТ».

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *