Іргелі ұлттық басылымдар қатарына қосылды

1 шілдеде «Алматы ақша­мы­­ның» жарық көр­ге­ніне 30 жыл толды. Көзі­қарақ­ты, зер­делі оқырман бұл басы­лым­ның күні кеше қалай, қандай жағ­дайда шыққа­нынан жақсы хабар­дар.

Осыған орай әріптес­тері­міз, қалалық, респуб­ли­калық құры­лымдар, бел­­гілі тұлға­лар, жал­пы оқыр­ман­дарымыз тара­пынан келіп жатқан құттықтау, ілтипат, лебіз­дерді жария­лап отыру­ды да міндетіміз санап, зор риза көңі­лімізді білдіреміз.

Рахат ШИМАШЕВА,

Алматы қаласының Тілдерді дамыту басқармасының басшысы:          

Құрметті Қали Қошқарұлы!

 Сізді және Сіз жетекшілік ететін «Алматы ақшамы» газетінің ұжымын басылымның 30 жылдық мерейлі мере­кесімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Алматы ақшамы» – қазақ тілінде жарық көрген алғашқы кешкі газет. Қазақ баспасөзі тарихындағы тұңғыш қалалық басылымның алғашқы нөмірі жарық көргеніне «орда бұзар отыз» жыл толып отыр.

«Алматы ақшамының» тұңғыш редак­торы Исламғали Бейсебаев, одан кейін Ерғали Сағат болды. Отыз жылда газет редакциясында көптеген жас маман өз­дерінің жазу өнерін шыңдап, ұлттық жур­налистиканың көрнекті өкілдері болып қалыптасты. Бұл күнде «Алматы ақшамы» газетінің сырт келбеті де, ішкі мазмұны да уақыт көшімен бірге жаңарып келеді.

Алматы қаласы әкімдігі мен мәсли­хатының ресми басылымы саналатын қоғамдық-саяси газет осы отыз жылда халықтың көкейіндегі ойын терең ұғына білді, ұлттық рух жаршысы болды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары халқымыз басынан өткерген күрделі ке­зеңде, одан кейінгі жылдары да «Алматы ақшамының» егемендігіміздің еңселі болуы жолындағы Елбасы саясаты мен қала әкімдерінің оны жүзеге асырудағы жарқын істерін жұртшылыққа жеткізудегі еңбегі зор.

«Газет – халықтың тілі, көзі һәм құла­ғы» деп ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, ел Тәуелсіздігінің алтын бесігі атанған Алматыдай алып шаһардың бүкіл тыныс-тіршілігінің ақпарат айнасы «Алматы ақшамы» газеті де – бұқара ха­лық пен билік арасындағы алтын көпірге айналды. Қоғамдағы ұлы өзге­рістер тұсында ұлттық құндылықтарды талмай үздіксіз насихаттауы «Алматы ақшамы» газетін еліміздегі іргелі ұлттық басылым­дардың қатарына қосты. Газет қоғамдық сананы қалыптастыру, ұлттық мәдениетті дамыту жолында тек қаланың ғана емес, бүкіл республикамыздың саяси, әлеумет­тік өмірінің қайнаған ортасынан табыла білді. Ұлтымыздың руханиятына қатысты күрделі мәселелерді қозғай білген «Ал­маты ақшамы» жалғыз Алматының ғана емес, жалпы Алаштың басылымына, қала жұртшылығы ғана емес, бүкіл қазақ қауы­мы оқитын газет деңгейіне  көтеріл­ді.

Отыз жылдық мерейтой тұсында ұжым мүшелеріне зор денсаулық, береке-бірлік, шығармашылық табыс тілейміз!  Оқырман талғамынан шығатын сарапта­малық, талдау мақалалар, қазақ халқының жоғын жоқтаған, намысын жанып, рухын асқақтататын тың дүниелер молынан жазыла берсін!

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *