Халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейді

 

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың дәстүрлі жыл сайынғы халыққа Жолдауы өзін­дік жаңалықтарымен, жаңа идеялары­мен еліміздің өсіп-өркендеуіне негіз бола­тын маңызды құжат болып сана­лады. Мемлекет басшысының биылғы «Төр­тінші өнеркәсіптік революция жағ­дайындағы дамудың жаңа мүмкін­діктері» атты Жолдауы ел арасында қызу талқылануда. Жолдаудың тақы­рыбына сай Елбасымыз Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктерін айта отырып, сол нәтижеге жету жолындағы 10 бағыт бойынша атқарылатын маңыз­ды міндеттерді атап көрсетті.

Осылайша Мемлекет басшысы Қазақстан халқының алдына түсінікті әрі айқын 10 міндет қойып отыр. Жол­дауда Президент индустрия­ландыру жаңа технологияларды енгі­зудің көш­басшысына айналуы тиістігін, ресурс­тық әлеуетті, агроөнеркәсіп кеше­нін дамыту, көлік логистика инфро­құры­лымының тиімділігін арт­тыру, құры­лысқа және коммунал­дық секторға заманауи технология­ларды енгізу, банктік портфельдерді «нашар» несие­ден арылту ісін аяқтау қажет­тілігін негізге алды. Ал білім беру, денсаулық саласы мен зейнетақы жүйесін оңтайландыру мәселесіне Елбасы әр Жолдауында ерекше мән береді. Жемқорлықтың алдын алу кезекті Жолдауда да көрініс тауып отыр.

Жалпы Мемлекет басшысының Жолдауы «даму» тәрізді ұғымды кең айқындап, халықтың арманын бейне­лейді және бізге бағыт-бағдар береді. Ол бізге уақыт ағымында тарихи миссиясын сезінетін тек жеке адам алдында ғана емес, бүкіл ұлт алдында тұрған мақсат-міндеттерді түсінуге мүмкіндік береді.

Иә, Президент биылғы Жолдауында жаңа мүмкіндіктерді атады. Бұдан былай саннан бұрын сапалы ұрпақ тәрбиелеу, дұрыс білім алу, өзгеден озық болу маңыз­дырақ. Оның үстіне, Алматы көптеген көрсеткіштер бойынша елі­міздегі цифрлық экономикаға, цифрлық дамуға дайын нөмірі бірінші қала болып табылады. Сондықтан Алматы қаласы Елбасымыздың Жолдауында белгі­ленген цифрландыру болсын, басқа да экономикалық бағыттар болсын мақсат-міндеттерді іске асыруға толық дайын деп есептеймін. Оған экономикалық әлеуеті мен адами капиталы молынан жетеді.

Негізі, Президенттің қай жылғы Жолдауын алсақ та, халықтың тұрмы­сын жақсартып, ел экономикасын көтерумен қатар, жастарды білім мен ғылымға шақырғанын көреміз. Жол­дауға қолдау көрсетіп, оны жүзеге асыру әрбір қазақстандықтың азамат­тық парызы деп есептеймін.

Өткен кезеңдерді ой елегінен өткізіп, еске алатын болсақ, сын сағат­тардан сүрінбей жетістікке қол жеткіз­дік. Осының барлығы Президентіміз бен халқымыздың бірігіп ұйымшылдықпен еңбек атқарғанның нәтижесінде ғана мүмкін болып отыр. Өйткені, даму тек бейбіт елде болатыны хақ.

Гүлмира АҚБАЕВА,

Алматы қаласы бойынша қазынашылық

департаментінің бас маман-бас қазынашысы.

 

 

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *