ФЛЮОРОГРАФИЯДАН қалай дұрыс өту керек?

Флюорографиядан неше жастан бастап, не үшін және жылына қанша рет өту қажет? Осы және флюорографияға қатысты басқа сауалдарға ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Инфекциялық емес аурулардың алдын алу департаменті (ҚДСҰО ИЕААД) скринингтік бағдарламаларды мониторингтеу бөлімінің бас маманы Гүлжан Қоңыршина жауап берді.

 

Ол өз сөзінде «Кеуде қуысы флюорографиясы – кеуде қуы­сы мен өкпе органдарын рент­генологиялық тексерудің профи­лактикалық және диагностика­лық әдісі. Кеуде қуысының флю­орографиясы обырды, тубер­ку­лезді және өкпенің кәсіби ауру­ларын анықтау үшін скри­нингтік зерттеу болып санала­ды», – деп атап өтті. Оның айтуын­ша, флю­орография диаг­ностикалық мақ­сатта жылына бір рет барлық ересектер мен 15 жасқа толған жасөспірімдерге жүргізіледі. Бірақ ондай тексеру­лер жиі жүргізілетін (жылына 2 рет) адамдар тобы бар. Олар:

– Зиянды өндірісте жұмыс істейтін адамдар (болат құю, кен, резеңке, асбест және поли­пропилен өндіру зауыттары мен  химиялық кәсіпорындар);

– Балалармен жұмыс істейтін адамдар (педагогтар, тәрбиеші);

– Перзентханалар, туберку­лезге қарсы диспансерлер мен инфек­циялық бөлімшелердің және пери­наталдық орталық­тардың медицина қызмет­кер­лері; – Созылмалы пато­логия­лары бар емделушілер (де­мікпе, қант диабеті, өкпенің созыл­малы обструктивті ауруы және т.б.).

Ескеретіні, барлық рентге­нологиялық зерттеулерді 14 жасқа дейінгі жасөспірімдерге өтуге болмайды. Сондай-ақ, жүкті әйел­дерге, әсіресе бірінші триместрде өтуге тыйым салы­нады. Әрі флюо­рографияны босанғаннан кейінгі алғашқы күндері әйелдерде тубер­кулезді анықтау үшін жүргізеді. Сосын, емдеу шарасынан кейін сүт порциясын сүзіп тастап, содан кейін ғана баланы емізуді жал­ғастыруға болады. Бұл ретте Г.Қоңыршина атап өткендей, флюорография арнайы дайын­дықты қажет етпейді және кез-келген уақытта өткізіле береді.

Зерттеудің негізгі шарттары:

– Зерттеу жүргізер алдында бірнеше сағатқа темекі шегуден бас тарту керек. Өйткені, бұл анық және айқын көріністі алуға мүмкіндік береді.

– Емшара басталғанға дейін дененің жоғарғы бөлігін ашып, оның алдында барлық металл заттарды (шынжырлар, кулон­дар, т.б.), сондай-ақ, бет пен денеден құрамында металл бар косметиканы алып тастау керек.

– Әйелдерге бюстгальтер шешуді немесе ілгекті шолуға түспеу үшін белге түсіру талап етеді;

– Ұзын шашты суретке тү­сіруге кедергі жасамас үшін төбеге жинап тастау ұсынылады;

– Зерттеу тек тік жағдайда жүргізіледі. Сондықтан ол жат­қан науқасқа тағайын­далмайды;

– Флюорография кезінде рентгенологтың барлық талабын дәл орындау керек;

– Сурет барынша терең демалғанда барып жасалады. Себебі, бұл кезде өкпе жақсы ашылып, толық суретті алуға мүмкіндік береді.

– Зерттеу кезінде рентген сәулелері арқа жақтан өтеді де аса сезімтал пленкасы бар кассетаға түсіп, ары қарай зерттеуге мүмкіндік береді.

Флюорографияны не үшін жасау керек? Өйткені, флю­оро­грамма дені сау, бұрын еш­қан­дай өкпе ауруларымен ауыр­маған адамда қалыпты болады. Оның нормасы – қара дақсыз өкпе суреті. Ал патологиялық флюорограмма  бұрын ауырған немесе ауруы бар өзгерістер анықталғанда болады:

– түрлі қатерсіз және қатерлі ісіктер;

– қабыну ошағы; фиброз; өкпе туберкулезі;

– бөгде денелер; ішкі орган­дар тіндерінің некрозы;

– абсцесстер – «Өкпе флю­орографиясының патологиясы туралы нақты ақпарат бермейді. Бірақ ол өкпе тіндеріндегі өз­герістерді, сұйықтықтар мен жаңа өскін жасушаларының пайда болуын дер кезінде диаг­ностикалауға мүмкіндік береді. Осы кезге дейін бұл шара өкпе­нің алдын алу диагнос­тикасында ең қажетті болып саналады», – деді Г.Қоңыр­шина.

 

Дайындаған –

Құттыбек АЙМАХАН.

Толығырақ

Ұқсас ақпараттар

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *